БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
өзгеріп отырады. Концептілер адамға берілген ақпараттың концептуалдану
үдерісінде жаңа мағынаға ие болып отырады. Ал концептуалдану – адамның
танымдық әрекетінің маңызды үдерістерінің бірі. Ол адамға берілген ақпаратты
өңдеп, адам санасында (психикасында) жаңа концептілердің, концептілік
құрылымдар мен концептуалдық жүйенің жасалуына жол ашады. Кез келген
тілде негізгі тұғырлы концептілер болатыны белгілі. Мұндай тұғырлы
концептілер бүтін бір ұлттың дүниетанымын, рухани мен заттық мәдениетінің
ерекшелігін, салт-дәстүрінің өзгешелігін, сол халықтың тілінің әлеуетін
айқындайды [1]. Бұл туралы Г. Смағұлова: «Концепт тіл білімінде мәтін
талдаудың айрықша үлгісін көрсетеді. Өйткені ол қаламгер автордың сөз
байлығын игеру дәрежесін байқатады. Сондай-ақ көркем шығарма тіліндегі
концепт суреткердің әлем туралы түсінігі мен дүниетанымын, жалпы интеллект
мүмкіндігін анықтайды», – дейді [2, 40 б.].
Жалпы концептілердің типологиясын қарастырғанда, З.Попова мен
И.Стернин ұсынған семантикалық когнитивтік әдістің негізіне сүйенеміз:
а) концептінің номинативті өрісін құру;
ә) концептінің номинативті өрісіне кіретін тілдік құралдардың
семантикасын сипаттап, талдау;
б) ментальдік бірлік ретінде қарастырылатын концептінің когнитивті
белгілерін айқындау;
в) тілді тұтынушылардан жинақталған когнитивті талдаулардың
верификациясы;
г) концептінің мазмұнын когнитивті белгілерінің аясында сипаттау [3].
М.Әуезовтің тілдік тұлғасындағы өзекті когнитивті бірліктің бірі – «Ел»
концептісі.«Ел» ұғымына қатысты ұғымдардың концептуалдық жүйесі сонау
батырлар жыры, жыраулар поэзиясынан бастау алып, М.Әуезов драмаларында
жалғасын тапқан. «Ел» концептісі жазушы пьесаларында ұлттық таным
тұрғысынан айқын көрсетілген. Автор «Ел» концептісін драмаларында 999 рет
қолданған.
Жоғарыда аталған З.Попова мен И.Стерниннің әдісі бойынша «Ел»
концептісін семантикалық тұрғыдан сипаттау (лингвомәдени) өзара байланысты
үш компоненттің негізінде толық ашылады. Олар – дефинициялық құрылысы
және когнитивтік белгілеріне қарай көрініс табатын ұғымдық метафораларды
қамтитын образды және эмоционалды-бағалауышты ққабат.
«Ел» концептісінің ұғымдық негіздерін концептуалдық белгілердің
жиынтығы түрінде көрсетуге болады. «Ел» концептісінің семантикалық өрісі
мынадай лексикалық бірліктерді қамтиды: халық, жұрт, әлеумет, жамағат,
қауым, көпшілік, тайпа, қарындас, өңір, аймақ, мемлекет, тобыр. Негізгі өзегіне
алты сөз – ел, халық, жұрт, әлеумет, жамағат, қауымжатады да қалған
лексикалық бірліктер шеткері аймаққа жатады. «Ел» концептісінің дамуы мен
шығу үдерісін зерттеп қарасақ, ол жоғарыда аталған лексикалық бірліктердің
қай-қайсының да орнына жүре алады.
«Ел» концептісінің образдылығына тілдік тұлғаның әлемді ұлттық ойлау
тұрғысынан қабылдауы жатады. Қазақ мәдениетіндегі базалық концепт болып
табылатын ел сөзі автор драмаларында гештельттар, фреймдер, ойбейне, семалар,
сценарийлер арқылы (бала, ауыл, жұрт т.б.) образды түрде сипатталады.
Концептінің образдылығын құрайтын метафораларға кеңістіктік, заттық,
субстанционалды, рецепторлы, конструктивті, ақпараттық, ғылыми, сахналық
метафоралар жатады [4]. «Ел» концептісінің эмоционалды-бағалауыштық
қабатының жағымды мәнін (еміренген ел, ер туғызған ел, құрсауы бүтін ел,
бауыр ел, рулы ел, құрыш қара болат, қой аузынан шөп алмайтын момын ел,
тасқын судай кемерінен асқан, қайран халық, сергелдең болған ел, жақын ел,
201