БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Página 199

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Жолсызбенен қашады Шашылғанды жинап ап, Жиналғанды шашады 2) Бір жығылып, бір құлап, Бүлік салу - мұраты («Құйын») [2, 190 б.]. Ақынның осы топтамасындағы («Табиғат») сәтті оралымға айналған бейнелеу құралдары қатарында синонимдер (ырылдасқан, таласқан; оған перзент-баладай, көк бояуы-күлгін түс) метафора (терезелер қыраулы-негативті тоғайдың; тапталмаған кілем-мүк; көп қорасан дағы бар-бет сияқты топырақ; көшпелі душ бұлт деген; ағаш емес біліңдер, асыл ана бұл тұрған; бас төреші - жел деген; фиништері - апанда, старттары - қабақтар, құрайлардың ызыңын, марш күйге балайсың), сондай-ақ кейіптеумен біте қайнасқан теңеулер (қыс пен көктем баладай / аударыспақ ойнаған; балапанның үлпілдек / бауырындай мап-майда; мұндай кезде ағынды / мұздай бұлақ іздерсің; қоламтадай қоздаған / күйдіреді тұяқты; құм- күреңнен жасалған / суретіндей теңіздің; онсыз алма ағашы / жалғыз басты анадай; қалқып жүрген судағы / қасығындай қайыңның; қолдарындай кәрінің / қалтырайды жапырақ) толықтыра түседі. Қадыр ақын шығармашылығындағы табиғат тақырыбы автордың «Таңдамалы туындыларының көптомдығы» (2010) сериясындағы екінші томы - «Алтын омырау» кітабында [3] жалғасын табады. Аталған кітаптың бір тарауы «Табиғат бір жыр кітап» және бір тараушасы «Адам - есімің, табиғат – бесігің» деп аталады. Бұнда да ақын 1-томдағы тақырыпты одан әрі ұзартып, табиғат қызықтарын бала ұғымына сай әрі ересектерге де ой сала жаңаша тарқатады. Бірін-бірі әсте қайталамайтын тың тіркес, бейнелі ой, оқшау образ, соны сөз сүрлеулері бірінен-бірі әдемі, бірі екіншісінен әсем боп озып, көз қызықтырып, табиғаттың алуан-алуан мінезі мен мол байлығын алдымызға жайып салады. Мәселен, «Дала» өлеңінде ақын аталған ұғымның қадір-қасиетін «жер тану да - бір өнер» деп бағалайды да «Басқа басқа.. / Даланың / Аспаны да кеңірек» десе, «Сахара суреті» аталған туындысында сайын далаға тән өзіндік ерекшеліктерді жырға қосады: «Оқыста бозторғай ұшады пыр етіп» дей келе: Күн ептеп қызғанда, Құлпырар түз қандай! Көбелек қонғанда Қисаяр қызғалдақ Құстарда жоқ тыным Қызықтар көп түгі Өзара шегіртке Жатады соқтығып! Ғажайып далам-ай! Мейірбан анадай Саршұнақ Түбекте Отырған баладай! («Сахара суреті») [3, 76 б.] – деп түйіндейді, «Суретін даланың / Салғың келіп кетеді» деп балаша мәз болады. Ақын табиғат құбылыстарын бала қиялының аясында алып, суреттеуге шебер.Бірде бірінші жақтан, енді бірде үшінші жақтан баяндайды. Қай ретте де оның мазмұнын оқушысына жеңіл түсіндірудің амалын ойластырып, бала тілінде сөйлейді, балаша ойлайды. Нысанға алған тақырыбын құр баяндай салмайды. баланың ой-өрісіне ыңғайластырып, әзіл-шымшымамен, сәл-пәл келемежбен көмкеріп, оқушысы ынтазарлықпен оқитындай қылып, еліктіріп, қызықтырып отырады. Мысалы, «Бақша» аталған өлеңде уақыты жетіп, пісе келген бақша жемістері мен көкөністердің әдемі суретін сырлы сөзбен бояйды. 198