БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Página 200

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Жалқау бала жинар ма? Себетіне сияр ма? Тойып алған томпиып Көгендегі қиярлар. Қауынға күн тиіпті Шекесінен сүйіпті. Әміріндей Бұқардың Зерлі шапан киіпті. Піспедің не Пістің не? Қызғанақтай мүскінге Судай жаңа сары тон Асқабақтың үстінде(«Бақша») [3, 77 б.]. Бала көңіліне дөп келетін шымырлы тіркестер қатарын «Күзетуде көнетоз қалпақ киген «қарақшы», «Суға толып жаңбырда, / желді күнгі даңғырлар / қарақшының төсіне / іліп қойған қалбырлар», «Басқаларға талатпай, / Оянамыз таң атпай / Болды қазір / Қарбыздан / Қарынымыз қабақтай» деп келетін үйірлі тармақтар толықтыра түседі. Табиғаттың адам атаулыға тартар сыйы мен оқыс дара мінез-құлқын әр қырынан таныта білген ақынның «Ақ теңіз, көк теңіз, яки сағым», «Шық», «Құйын - желдің тентегі», «Қарақұрым қаңбақтар», «Күздің ұзақ жауыны», «Қақаған қаңтар», «Боран. Боран болғанда қандай!» аталған туындыларының мазмұн-бітімінде қазақ ой-қиялының жемісі жатқандығы аңғарылады. Мәселен, «Ақ теңіздей сағым да / Бір ғажабы даланың !», «Сарнаған жел - қыр әні, / Сирек көлдің құрағы», «Тақыр –жердің көнтегі / Дауыл - желдің тентегі / Жоқ ешқандай қызығы / Құйын - шөлдің бұзығы», «Даланың әр ісі -Дананың дәрісі», «Өрімдер қалмас қосылмай / Өрілер түзу таспалар», «Жер мен аспан қосылып / Жатқандай бір жүн сабап» - деп келетін өрнекті сөздер өрімінде ұлттық философияның қағидат-қасиеттері қылау береді. Тек қана қазақ түсіне алатын, тек қана қазақ ұғына алатын, тек қана қазақ байыбына бара алатын бұндай сәулелі сөздер сорабы - жас өскіннің ана тілінің орасан зор рухани байлығымен емін-еркін сусындауына мүмкіндік берері анық. Заманымыздың заңғар суреткері Ә. Кекілбаев: «Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың... Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі. Мұндай даусыз данқ, татаусыз танымалдылықтың сыры – Қадыр талантының қарапайымдылығында» [4] дейді. Яки, түйіп айтқанда кішіге де, үлкенге де, жалпы мұқым жұрттың ортақ рухани қазынасына айналған Қадыр ақын мұрасының уақыт өткен сайын өз құндылығын жоймасы кәміл анық. Әдебиеттер: 1. Қабдолов З. Қадырдың қадірі (алғы сөз) // Кітапта: Мырза Әли Қадыр. Таңдамалы туындыларының көп томдығы. Т. 1. Өлеңдер, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, диалогтар, мазақтамалар – Алматы: Қазығұрт, 2010. – 472 б. 2. Мырза Әли Қадыр. Таңдамалы туындыларының көп томдығы. Т. 1. Өлеңдер, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, диалогтар, мазақтамалар. – Алматы: Қазығұрт, 2010. – 472 б. 3. Мырза Әли Қадыр. Таңдамалы туындыларының көп томдығы. Т. 2. Алтын омырау: Өлеңдер. – Алматы: Қазығұрт, 2010.– 440 б. 199