БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Секілді көп көбелек
Қонарға жер таппаған («Жапалақ қар») [2, 185 б.].
Жедеқабыл түскен қыстың суретін ақын осылайша кейіптей келе, аппақ
далада қар лақтырысып, далақтап шауып, ойнап жүрген балалардың алаңсыз
кейіпінен қыстың ешқандай ызғарын сезбегендей қалыпты аңғартады.
Май тоңғысыз түн қандай,
Жаз өтті деу қиын-ақ.
Күн әзілдеп тұрғандай
Қыс киімін киіп ап.
Осы сынды оқырманын иландырып шандыра түсетін, кестелі сөзбен
өрілген әдемі айшықты тіркестер Қадыр ақын туындысында жиі кездеседі.
Олардың толыққанды кейіптеу боп қалыптасқан үлгілерін топтап берсек,
төмендегіше қатарды түзейді.
1. Қаһарлы жел алдында
Зар қағады қамыстар
2. Бірде боран тынады
Бірде қайта жыны ұстап.
3. Үйеңкі мен қайыңды
Желкесінен басады.
4. Боран қатты қалшылдап,
Баса алмай тұр ашуын («Боран») [2, 186 б.].
1. Көз байланды, түсті іңір,
Жүргізді аяз қожалық.
2. Шиқылдайды қыстың бір
Дөңгелегі қажалып.
3. Зіл боп басып иықтан,
Кене қабағын тұр түйіп
4. Көк темірдің суықтан
Кеткен жүзі үрпиіп («Аяз») [2, 186 б.].
Ақынның «Аласапыран», «Көк өріс», «Орман», «Шөлдегі жаңбыр»,
«Аптап»», «Құм» аталған туындыларында жылдың әр мезгіліне сай болатын
табиғат құбылыстарын бейнелеуде халық тілінің мол байлығына, оның әсем де
әдемі қолданысына куә боламыз. Бұл тұста автор қазақ тілінің синонимдік,
антонимдік қатарларын теңеу, метафора сынды құбылыстармен қол ұстастырып
кейіптейді. Мәселен, антонимге мысал:
1) Мезгіл болса қарбалас,
Мәз бола алмай біз жүрміз.
Ыстық, суық аралас
Бір жер - батпақ, бір жер - мұз
2) Ажыратып болмайсың,
Бір күн - көктем, бір күн - қыс
3) Қыс пен көктем баладай
Аударыспақ ойнаған («Аласапыран») [2, 187 б.].
1) Әлділері қорғанбай,
Әлсіздері ышқынған.
Тоғай түгел тұрғандай
Қуғыншы мен қашқыннан («Орман») [2, 188 б.].
1) Қаталдық пен сараңдақ -
Құмның ата мінезі
2) Теңіз бен құм қашаннан
Сыңарлары егіздің («Құм») [2, 189 б.].
1) Жолдың шаңын сипап ап,
197