БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Байқағанымыздай ақын жылдың аталған мезгіліне ой екпінін түсіріп, жаз
бен көктем сөздерінің қайталауларына ерекше мән берген. Сонымен бірге
дыбыстық қайталаулар да туындыға әсерлі мән үстеп, ақын шеберлігін дәйектей
түседі. «Көктем» өлеңінде көктем сөзі бес жерде қайталанып, «Жаз» өлеңінде
жаз сөзі төрт жерде қайталанып анафора қызметін атқарып, туындыға ерекше өң
бере түскен. Сонымен бірге ақынның «Күз» өлеңінде жоғарыда келтірілген
анафоралық тәсіл эпифоралық әдіспен алмасса, кей тұста бір шумақты араласа
қолданылған түріне кез боламыз. Айталық:
Күз де келді, күз келді:
Күдерін жаз үзген-ді.
Күз де келді, күз келді:
Көкте бұлттар жүзді енді.
Күз де келді, күз келді:
Құстар мекен ізденді.
Күз де келді, күз келді:
Қондырмады түзге елді.
Күз де келді, күз келді:
Керек оқу бізге енді («Күз») [2, 153 б.].
Осы шумақтағы тармақ басында бес рет қайталанған күз сөзі анафора да,
тармақтар соңында бес рет қайталанған келді етістігі эпифора боп тұр. Ал осы
мәтіндегі тұтас бірлікті құрап, басқа тармақтарға жетекші боп тұрған «Күз де
келді, күз келді» қайталамасы тұтасымен бір грамматикалық құрылымды
қайталап, синтаксистік анафораға айналған.
Табиғат құбылысының өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетуде, сонымен
бірге жоғарыдағы қайталаулардың және бір үздік үлгісіндей көрінер өлең -
«Қыс». Бұнда да жоғарыдағыдай бейнелеуіш-көркемдеуіш құралдардың
шырайлы нұсқасы назар аударады.
Қыс келді, қыс иықтап,
Қалды аюлар ұйықтап.
Қыс келді, қыс мұз-қарлы,
Қыраулы да, ызғарлы.
Қыс келді, қыс боранды,
Қырат көрпе оранды.
Қыс келді, қыс мықты анық,
Қайтсе де біз ықпадық.
Қыс келді, қыс уайым ба?
Қандық біздер ойынға! [2, 153 б.].
Бұл туындыдағы ерекшелік - жай қайталаудың шоғырлы түрі (қыс келді,
қыс иықтап; қыс келді, қыс мұз-қарлы; қыс келді, қыс боранды; қыс келді, қыс
мықты анық; қыс келді, қыс уайым ба?) кездеседі. Қыс сөзі алдыңғы ой мен
келесі ойдың ара жігін бітістіріп, екі компонеттен құралып, анафораның
қызметін адал атқарған.
Қадыр ақынның балаларға арналған табиғат жырлары тек қана «Жыл
маусымдары» циклімен шектелмейді. «Сабақ» (1964) кітабына енген «Бірінші
сабақ» аталған тараудың бірінші тараушасы «Табиғат» деп еншіленген де, оған
ақынның осы тақырыптағы он бес өлеңі еніпті. Әр туынды жоғарыда талданған
«Жыл маусымдары» цикліндегі жырлар тәрізді қыс, көктем, жаз, күз қызықтарын
бала ұғымына, бала қабылдауына сай баян еткен. Мәселен, «Жапалақ қар»,
«Боран», «Аяз» өлеңдерінде қысқы маусымның қызықтары әр қалыпта
бейнеленіп, кейіптеледі.
Жапалақ қар себелеп,
Жердің бетін қаптаған:
196