БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
айналысатын ісі дегендерді қамтуы жағынан нақты мағынамен көрінеді де, бұл
қосымшалармен жасалған жаңа қолданыстардың қатарында сөз тудыру амалдарына
сәйкессіздік айрықша байқала бермейді. Дегенмен, бірен-саран жаңа қолданыстарда,
айталық, жазбагер (автор), таңнама (утренник), жазарман (жазушы), құтхана
(кабинет), газеткер (журналист), журналгер (журналист) дегендерде қосымшаның
грамматикалық мағынасын ескермеушілік құбылысы бар.
Белгілі бір стильдің тілдік-стильдік ерекшеліктеріне бағына жасалған жаңа
қолданыстар да бар. Мәселен, баспасөз тілі көптеген ұғымдар мен атаулардың
номинациясын жасау үшін әуелі образды синонимдер жасап ұсынады да, оларды
бірте-бірте тұрақты терминге айналдыра бастайды (ойтүрткі, ойтамызық,
жанайқай). Бұл – жаңа қолданыстар жасауға арқау болатын негізгі ішкі тілдік
стимулдардың бірі.
Эстетикалық принцип. Жаңа сөз эстетикалық принцип бойынша да
бағалануы керек, яғни өмірге келген әрбір жаңа қолданыс жағымсыз
ассоциацияны, түсінуді қиындататын қажетсіз ұқсастықтарды тудырмауы қажет.
Қазіргі жазба тіл үлгілерінде, оның ішінде баспасөз тілінде де сатып
алушы деген атаудың орнына аларман сөзі бірнеше рет қолданылды. Әрине,
жаңа қолданыстың сатып алушы дегеннен бірнеше артықшылықтары бар, ол ең
алдымен, бір сөз; бір лексикалық единица, демек, аларман сөзі әрі қарай
деривациялар, тіркесімдер тудыра алады. Алайда аталған жаңа қолданыстың
әзірге жұмсалу жиілігі жоғарыламай отыр, оған, шамасы, «аларман» деген сөздің
жалпы тілдік қордағы жағымсыз мағынасы (салыстырыңыз: аларманға алтау аз),
сонымен қатар -ман қосымшасының кейбір ерекшеліктері себеп болған тәрізді.
Немесе дебаты терминінің аудармасы – салғыласу деген жаңа қолданыс
та,қылтима да (балкон), рецепт дегенді білдіретін ішірткі сөзі де, саудагер
сөзінің орнына қолданылған қамсеміз сөзі де (саудагер сөзінің мейлінше
жағымсыз жағын айқынырақ атау мақсатында пайда болған сөз)екіұдай, әрі
жағымсыз мағынаны тудырады, сонымен қатар өзге ұғымдардың атауларымен де
ұқсас келіп, эстетикалық үйлесімсіздік жасайды.
Біздің тарапымыздан ұсынылып отырған нормаландыру межелері ең
соңғы, шешуші принциптер де емес. Солай бола тұрса да осындай заңдылықтар,
ерекшеліктер ескеріле жасалған жаңа қолданыстар «тосын» сападан арылып,
коммуникативтік актіге қызмет ете алатын лексикалық единицалар деңгейіне
көтеріле алады.
Әдебиеттер:
1. Котелова Н.З. Первый опыт лексикографического описания русских
неологизмов // Новые словари и словари новых слов. – Л.: Наука, 1978. – С. 5-27.
2. Розен Е.В. Лексика немецкого языка сегодня. – М.: Высшая школа,
1976. – 128 с.
3. Джоглидзе Л.И. Новые слова в современном русском языке (на
материале газеты «Правда» за 197I-1975 гг.) / Дссер. на соис. уч. ст. канд.
филол. наук. – Тбилиси, 1979. – 349 с.
4. Исаев С. Язык периодической печати 1920-х годов / Автореферат дисс.
канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1966. – 20 с.
5. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы (мерзімді баспасөз
материалдары бойынша). – Алматы: Мектеп, 1973. – 196 б.
6. Бәйтікова Ш. Қазақ тіліндегі неологизмдер. – Алматы, 1971. – 122 б.
7. Сейфуллин С. 1934 жылдың 18 июнінде қазақстан жазушыларының І
съезінде сөйлеген сөзінен толықтырылып жазылған үзінді // Әдебиет майданы.
– 1934. – №6. – Б. 76-90.
8. Баскаков Н.А. (руководитель), Балакаев М.Б. и др. О современном
состоянии и путях дальнейшего развития литературных тюркских языков //
184