БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
«шешуші-түйінді» сәттер болып отырады, бұндай түйінде сәттерде (жылдарда),
кезеңнің бір бөлшегінде дамудың «шырқау шегі», ең негізгі мәселелері айқын
көрінеді. Тіл табиғатындағы мұндай шешуші-түйінді сәттер халық тарихымен,
халық өмір сүріп отырған қоғамдық формациямен тығыз байланысты. Қазан
төңкерісінен кейінгі соңғы жылдар қазақ әдеби тілінің дамуындағы дара кезең
ретінде жеке аталады, ал осы тұтас кезең ішінде дамудың бүкіл тынысын,
сипатын, басты ерекшеліктерін көрсете алатын шешуші-түйінді сәттер жоқ емес.
Әсіресе ғалымдар 1920-1930 жылдардағы тіл дамуының жағдайына ерекше
тоқталып, осы мерзімді функционалдық стильдердің пайда болуы, қалыптаса
бастауы, сөздік құрамның баюы мәселелеріндегі маңызды онжылдықтар деп
бағалайды [4, 3 б.; 5, 25 б.; 6, 4 б.]. Шынында да аталған онжылдықтарда халық
өмірінің жаңа сапаға, тың мазмұнды қоғамға бет бұруына орай сөздік құрам әр
алуан жаңа сөздермен, соны тіркестермен толықты, жаңа стильдік тармақтар
пайда болды. Ғалымдардың көрсетуі бойынша, «қазіргі кезде қолданылып
жүрген неологизмдер мен қазақ терминологиясының негізі осы 1920-30 жылдары
салынған» [6]. Бұл кезеңде төл тілдің өз мүмкіншіліктері арқылы терминдерді
қалыптастырудың, жасаудың алғашқы нысаны көрінді.
1920-130 жылдарда қазақ тілінің өз заңдылықтары бойынша жаңа сөздер
жасауға бірнеше жайт арқау болды. Оның бірі –қоғам өзгерісіне байланысты
күрес-мақсаттардың, идеал-мұраттардың, көзқарастардың және тұрмыс-
тіршілікке енген заттар мен құрал-жабдықтардың атауларын халық ұғымына
түсіндіріп беру, нақтылап, айқындап жеткізу; бұл позитивті, оң нысана көздеген
бағыт болды. Сонымен қатар, екіншіден, ішінара жағдайда қазақ тілін өзге тілдің
әсер-ықпалынан қорғаштау, орыс тілі арқылы еніп, сіңісіп жатқан халықаралық
терминдердің өзін қалайда қазақшаға аударуға әрекеттенген пуризм қылаң берді.
Осы ретте Сәкен Сейфуллиннің Қазақстан жазушыларының І съезінде сөйлеген
сөзін келтіруге болады, ол: «...Мен осындай сөздер туралы мақала жазып,
«центральный» деген сөзді лайық көрмей, «орталық» деп алайық дедім, басшы,
басы деген сөздерді төраға деп алайық дедім. Біраздан соң осы сөздер жұртқа
сіңіп кетті», - деген еді [7].
С.Исаев 1965 жылғы баспасөз үлгілерінен хабарламашы, төреші,
шабуылшы, қақпашы, спортшы сияқты сөздерді мысалға келтіреді [5]. Әрине,
сөз тудырудың өзге амал-тәсілдері де бой көрсетіп отырғандығы байқалады,
айталық, дақыл (культура), атыз (полоска земли), собық (початок) сияқты жаңа
сөздер – жергілікті тіл элементтерінің мағыналық кеңеюі арқылы, ал
жаратылыстану термині 1960 жылдары жасалған [8, 152 б.], алайда бұл
тәсілдер калька амалына қарағанда соншалықты активті емес.
1980 жылдарға дейінгі қазақ әдеби тіліндегі жаңа қолданыстарды тануда
мерзімнің мәні айрықша деп есептейміз. Бұның екі жағы бар, оның бірі –
қоғамдық құрылыстағы өзгерістердің тіл дамуына әсер етуі, екіншісі – тілдің өз
эволюциясындағы қозғалыстар. Соңғы 10-15 жыл, әсіресе кейінгі 4-5 жыл – қазақ
әдеби тілі үшін айрықша кезең. Бұл жылдарды тіл дамуындағы шешуші-түйінді
сәттердің бірі деп айтуға әбден болады. Өйткені соңғы мерзімдерде халық
өміріне, тарихына, кешегісі мен ертеңгі күніне жаңа тұрғыдан қарау, жаңа
сападан баға беру проблемасы алға шығып отыр. Қазақ жазуын, әліпбиін
жетілдіру, оны жақсарту, кейбір жағдаяттарды жаңғырту, жаңарту мәселелерімен
қатар, соңғы онжылдықта материалдық дүниенің (заттар мен ұғымдардың)
атауларын беру үшін айқын тенденция көзге түсе бастады, ол – калька жолынан
арылып, төл тілдің өз потенциалдық мүмкіндіктері арқылы терминдерді,
номинатив атауларды жасау, орнықтыру.
Мерзім арқылы соңғы кезеңдерде пайда болған жаңа қолданыстардың
жасалған өрісін (стильдік тармақтарды), таралу шегін (қандай стильдерге тән
180