БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
мүшелері де жаңа сөздерге зор саналылықпен қарайды. Қазақ ұлты өкілдерінің
ойсанасында әсіресе мәдениет, оқу-ағарту саласында ұлттық рухани
құндылықтарды сақтаудың қажеттілігі байқала түсті.
Дей тұрсақ та қазақ әдеби тілінің қазіргі функционалды қызметінде жаңа
сөздер дереу актуалды қолданысқа түседі деуге болмайды. Жаңа сөздер көбіне-
көп жазба коммуникацияда, оның ішінде ғылыми, оқу-ағарту әдебиетінде
жұмсалады, баспасөз тілі, кей реттерде жарнамалық мәтіндер күнделікті
тұрмыстық атаулардың қазақша баламаларын ұсынғанымен, жаңа сөздер жалпы
қолданысқа түсе қоймайды. Бұл жайттың бірнеше себептері бар.
Біріншіден, қоғамда қазірге дейін өзге тілдің функционалдық ықпалы аса
жоғары. Білімдік-танымдық индексі әр деңгейдегі, жас мөлшері мен
коммуникативтік ортасы әр басқа қоғам мүшелерінің көпшілігінің когнитивті
санасында қандайдабір ұғымды, құбылысты, бұйымды атаудың өзге тілдік
баламасы орныққан, сондықтан коммуникативтік актіге араласқан жағдайда
когнитивтік санадан бекем орын алған лексема қолданысқа түсуге басымдық
танытады.
Екіншіден, жаңа сөздерді коммуникативтік актінің белсенді, актуалды
құралына айналдыру үшін жаңа қолданыстарды тану, оларды ажырату мәселесі
маңызды болып табылады.
Жаңа қолданыстарды өзге лексикалық единицалардан (жаңа еместерден)
ажырату үшін екі түрлі критерий-меженің маңызды рөлі бар, оның бірі жаңа
қолданыстың пайда болған мерзімін анықтау, екіншісі қолданылған өрісін
белгілеу.
1. Мерзімнің мәні. Әдетте тіл айналымында пайда болған жаңа
қолданыстар интуитивті түрде танылады. Бірқатар ғалымдар лексикографиялық
еңбектерге – нормативті, түсіндірме, екітілді, терминологиялық сөздіктерге
енгізілмеген сөздерді жаңа деп бағалау керек дегенді де айтады. Соңғы меже
қазақ тіліндегі жаңа қолданыстарды тану үшін қолайсыз, біріншіден, қазақ
тіліндегі барша сөздік байлығы хатқа түсірілмегендігін, жарық көрген
сөздіктерде жалпыхалықтық сөздердің, архаизмдер мен тарихи сөздердің,
ауызекі сөйлеу тілі элементтерінің толық қамтылмағандығын ескеруіміз қажет.
Екіншіден, қазақ тілі бойынша жарық көрген сөздіктердің өзінде де белгілі бір
кезеңде пайда болған бір алуан лексикалық единицалар мен сөз орамдары
енгізілмеген. Мәселен, Ілияс Жансүгіров стильдік мақсат үшін және халық
ұғымына түсініксіз ұғымдарды айқындап беру мақсатында жүктартар
(автомобиль), үшаяқ (мотоцикл), темір табан (рельс) типтес сөздерді жасаған,
ал бұлар қазақ тілінің көп томдық түсіндірме сөздігінде», қазақ тілінің
орфографиялық сөздігінде қамтылмаған.
1.
Орыс тіл білімінде лексикалық жаңалықтарды даралау үшін
бірнеше межелер ұсынылады, солардың ішінде зерттеушілердің негізгі тірек
ететіні – жаңа сөздердің пайда болған мерзімі. Бұл белгі-меже аса маңызды,
өйткені ол сөзтізбе жасау, картотека қорын түзу жұмысымен тығыз байланысты.
Н.З. Котелова өзге де параметр-критерийлермен қатар мерзімді белгілеудің
қажеттілігін айрықша атап кетеді және бұны ең негізгі, басты белгі деп есептейді
[1, 14 б.]. Е.В. Розеннің пікірі де осыған саяды: ол «жаңа» екендігі белгісі
(показатель «новизна»), коллективтің жаңалықты сезінуі (показатель «языковое
сознание») іспеттес көрсеткіштердің ішінен «мерзім» көрсеткішін бөліп алады [2,
116 б.]. Өзге ғылыми еңбектерде де жаңа қолданыстардың «дүниеге келген» сәтін
белгілеу айрықша аталады [3].
2.
Тіл дамуының әрбір кезеңінің өзінде (қазақ әдеби тілінің даму,
қалыптасу кезеңдері бірнеше дәуірлерге бөлініп қарастырылатыны мәлім) сөздік
құрамның, грамматикалық жүйенің ерекше даму сапаларын таныта алатын
179