БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Página 179

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. ФИЛОЛОГИЯ / PHILOLOGY ӘОЖ 811.512.122’373 Алдаш А. – филология ғылымдарының докторы, профессор, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Е-mail: aimank51@mail.ru ҚАЗАҚ НЕОЛОГИЗМДЕРІ: ТАНУ-АЖЫРАТУ ЖӘНЕ НОРМАЛАНДЫРУ МЕЖЕЛЕРІ Аңдатпа. Қазақ тілтанымында ғылыми-теориялық әзірлемелерді, талдаулар жүргізуді және үздіксіз ұсыныстар беруді қажет етіп отырған өзекті проблемалардың бірі қазақ тіліндегі жаңа сөздердің / неологизмдердің нормалануына, қалыптануына және бірізділенуіне қатысты болып отыр. Қазіргі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамы лексикалық жаңалықтармен барынша молая түсуде. Біздің елімізде жүзеге асырылып келе жатқан тіл стратегиясы мен тіл саясатының бағыттарына сәйкес ғылыми-техникалық, әлеуметтік-мәдени аталымдар үшін қазақ тілінің төл әлеуеті кеңінен пайдаланылуда, соның нәтижесінде тіл қолданысының барлық дерлік салаларында қазақыландырылған жаңа сөздер белсенді түрде пайда болуда. Мақалада қазақ лексикасының құрамындағы жаңа сөздердің нормалануы, қалыптануы мен бірізділенуіне ықпал жасайтын межелер көрсетіледі. Тірек сөздер: жаңа сөз, жаңа қолданыс, лексикалық жаңалық, неологизм, нормаландыру, кодификация, окказионализм, актуалдылық принципі, сәйкестік принципі, эстетикалық принцип. Тіл дамуындағы басты сипаттар, әдетте, қоғамның, халықтың нақты бір дәуір-кезеңдердегі жай-күйіне, қоғамдық жүйенің ерекшеліктеріне байланысты қарастырылатыны белгілі. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан кейінгі мерзім – қазақ әдеби тілінің дамуындағы шешуші-түйінді кезеңдердің бірі. Мақалада жаңа сөз / жаңа қолданыс / лексикалық жаңалықтар аталымдары «неологизм» терминінің өзара мәндес варианттары ретінде қатар қолданылады. Қазақ елінің мемлекеттік егемендігі туралы декларация жарияланғаннан кейін 1989 жылы қыркүйекте Тілдер туралы заң қабылданды. Аталғандар қазақ тілінің коммуникативтік қызметінің өрістеуіне серпін берді. Тілдің даму үдерісінде жаңа леп пайда болып, тілдік қарым-қатынас жасаудағы қызметінің басты тамыры – сөздік байлықтың жаңа сөздермен молюына жол ашылды. Сөйтіп, осы тұста сан алуан лексикалық жаңалықтар өмірге келді. Пайда болған жаңа қолданыстардың бірқатары қазіргі кезеңде әдеби тілдегі қалыптанған, нормаланған тілдік бірліктер қатарына қосылса, енді бірі, әсіресе варианттар болып ұсынылғандары тіл практикасынан екшеліп, тіл тезіне түсті. ХХІ ғасыр басталғалы бері елдегі тіл саясаты мен тіл саясатының сындарлы жүзеге асырылуының нәтижесінде тілдің төл әлеуеті арқылы жаңа сөздер (күнделікті тұрмыс атауларының жаңа қолданыстары, ғылым мен техника салаларының қазақыландырылған терминдері) жасау, оларды қалыптандыру мен бірізділендіру ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қоғамның әлеуметтік-мәдени дамуына деген сындарлы көзқарастың қалыптасуы, тіл саясатының байыпты түрде, иланымды жүзеге асырылуы нәтижесінде бүгінгі таңда тілдің төлиелері де, жалпы қоғам 178