БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 166

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Сурет 2 – Орбита бойымен айналатын спутник анимациясы Студенттердің оқу материалын меңгеру деңгейін тексеру үшін түрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдануға болады. Мысалы, «C++ Builder ОБП ортасында бағдарламалау» пәні оқытуда «Additional парағының Вitbtn, Shape, Image компоненттері» тақырыбы бойынша студенттер білімін тексеру үшін «Кубизм» әдісі қолданылды. Студенттер топқа біріктіріліп, әр топ кубты ширату арқылы оның қырындағы 1-6 аралығындағы цифр бойынша сұрақ нөмірін таңдады. Таңдалған нөмірге сәйкес сұрақ интерактивті тақтада шығып тұрды. Бұл әдісті жүзеге асыру үшін Macromedia Flash бағдарламасында арнайы бағдарлама құрастырылды. Бағдарлама Блум таксономиясына сәйкес дайындалған сұрақтардан және дұрыс жауаптар жазылған батырмалардан тұрады. Бағдарламаның экрандық интерфейсі келесі суретте көрсетілген (сурет 3). Сурет 3 – Блум таксономиясына сәйкес сұрақтар 165