БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Компьютерлік тестілеу бағдарламалары студент білімін тексеруде
маңызды рөл атқарады. Оларды қолданудың артықшылықтарының бірі – бұл
уақыт үнемдеу. Компьютерлік тесттерді студенттің күнделікті белгілі бір
тақырыпты меңгергендігін тексеру үшін немесе аралық бақылау жасау үшін
қолдануға болады. Қазіргі кезде тест құрастырудың easyQuizzy, Free Quiz Maker
т.б. көптеген дайын бағдарламалары бар. Сонымен қатар, мұндай бақылау
тесттерін жоғарыда аталған бағдарламаларда студенттердің өз бетінше
құрастыруына болады. Келесі суреттерде студенттердің Macromedia Flash
бағдарламасында құрастырған тестілеу бағдарламасының интерфейсінен көрініс
келтірілген (сурет 4).
Сурет 4 – Компьютерлік тестілеу бағдарламалары
Информатика мамандығының студенттері дайын бағдарламалық
өнімдерді қолданумен қатар өздік жұмыстарда Delphi, C++ Builder, C# нысанды-
бағдарлы бағдарламалау тілдерінің және Macromedia Flash бағдарламасының
құралдарын қолданып компьютерлік бағдарламаларды өз бетінше құрастырады.
Мұндай тапсырмалар көбінесе аралық бақылау жұмыстарына беріледі.
Студенттер 7 апта көлемінде аралық бақылаудың қорытынды жұмысы ретінде
қандай да бір компьютерлік бағдарламада шығармашылық жұмыстар немесе
компьютерлік жоба дайындайды. Дайын жобаны олар топ студенттері алдында
қорғайды. Мұндай тапсырмалар студенттерді өз бетінше материал іздеуге,
сабақта алынған білімді жинақтауға, талдауға, ақыр соңында жаңа
бағдарламалық өнім жасап шығармашылықпен жұмыстануға әкеледі. Төменде
«Macromedia Flash технологиясы» аралық бақылауға арналған анимациялық
жоба түріндегі шығармашылық жұмыс тақырыптары келтірілген:
- «Калькулятор» жобасы
- «Мультфильм» жобасы
- «Тестілеу бағдарламасы» жобасы
- «Компьютерлік ойындар» жобасы
- «Менделеевтің интерактивті кестесі» жобасы
- «Оқыту бағдарламасы» жобасы
- «Ұйымның Web-сайты» жобасы
- «Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі» жобасы
- «Компьютер құрылғылары» жобасы
- «Windows операциялық жүйесінің негізгі элементтері» жобасы
- «Информатика ғылымына үлесін қосқан ғалымдар» жобасы
- «Оқу орнын жарнамалайтын баннер» жобасы
- «Қазақ халқының күйлері» жобасы
166