БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Осыған орай, білім берудің барлық саласында АКТ-ны қолдануға
айрықша мән беріледі. Атап айтсақ, жаңартылған білім беру бағдарламасы және
деңгейлік оқыту бағдарламасы бойынша білім алушылардың бойына дарыту
қажет негізгі дағдылардың бірі болып ақпараттық-коммуникациялық құралдар
мен технологияларды тиімді қолдану саналады.
АКТ-ны сабақта тиімді пайдалану білім алушылардың оқуға деген
ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс
істеу білім алушыларды шығармашылық белсенділігінің артуына, ұқыптылыққа,
нақтылыққа, іс-әрекетін сыни тұрғыда дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім
қабылдай алуға баулиды.
АКТ-ның мультимедиялық технология, интернет технология, электронды
поштамен жұмыс, бұлттық технология т.б. қолданылуларымен қатар білім беруде
түрлі компьютерлік бағдарламалар (қосымшалар) мен электрондық оқулықтарды
қолдану маңызды рөл атқарады. Оларды сабақта тиімді қолдану дәріс сабақта
жаңа
материалды
түсіндіру,
практикалық
тапсырмалар
орындауда
шығармашылықты белсендіру және компьютерлік тест бағдарламалар арқылы
студент білімін тексеруді жүзеге асырады. Дәріс сабақтарында оқытылатын оқу
материалын көрнекі түрде көрсету үшін бейне роликтерді қолдану студенттерге
білімді тез және оңай меңгеруді жүзеге асыра отырып, сыни тұрғыда ойлау мен
өз бетінше шешім қабылдауға үйретеді.
Сабақта электрондық оқулықтар мен ресурстарды қолдану білім
алушылардың талдау, модельдеу және программалау арқылы білімді өз бетінше
меңгеру және әр түрлі тапсырмаларды шығармашылықпен орындау дағдысын
қалыптастырады.
Студенттер
электрондық
оқулықтағы
теориялық
материалдарды өз бетінше оқып, топ болып талқылап, түрлі белсенді әдістер
арқылы бір-бірін үйрете отырып меңгереді. Төменде «Macromedia Flash
технологиясы» пәнін оқытуда қолданылған авторлық электрондық оқулықтан
көрініс келтірілген (сурет 1).
Сурет 1 – «Macromedia Flash бағдарламасы» электрондық оқулығы
Осы пән бойынша «Нысан анимациясын жетекші қабат арқылы
ұйымдастыру» тақырыбындағы практикалық сабақта планетаны эллипстік
орбита бойымен айналатын спутниктің анимациясын жасау үшін студенттер
алдымен электрондық оқулықтан анимациялық файлды демонстрациялайды
(сурет 2) [3]. Сонан соң, олар нәтижеге жету үшін орындау қажетті аралық
қадамдарды өз бетінше жоспарлай отырып, тапсырманы проблемалық оқыту
әдісі бойынша жүзеге асырады. Бұл тапсырманы орындау үшін студент
теориялық біліммен қатар кеңістіктік елестету, талдау, жүйелеу, жинақтау
арқылы модель құруды жүзеге асырады.
164