БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | страница 164

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. структуру лингвокультурологической компетенции будущего учителя иностранного языка. Ключевые слова: лингвокультурологическая компетенция, будущий учитель иностранного языка, межкультурная коммуникация, картина мира, лингвокультурная ситуация, лингвокультурема, лингвокультурологическое поле. *** ӘОЖ 371.3:004 Мухамбетова Ғ.Г. − аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ E-mail: Gainesh_65@mail.ru ИНФОРМАТИКА МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ Аңдатпа. Мақалада жоғары оқу орнының информатика мамандығы студенттеріне білім беруде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды, соның ішінде электрондық оқулықтар мен түрлі бағдарламалар мүмкіндіктерін тиімді қолдану жолдары қарастырылады. Ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолдану жағдайлары мен оның нәтижелері нақты мысалдар арқылы сипатталады. Сонымен қатар, мақалада жаңартылған білім бағдарламасының кейбір мазмұндық ерекшеліктеріне тоқталып, Блум таксономиясы бойынша құрастырылған тапсырмалар мен шығармашылық жұмысты бағалаудың критерийі мен дескрипторы келтірілген. Тірек сөздер: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электрондық оқулықтар, компьютерлік бағдарламалар, анимациялық жобалар. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында «Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда» деп атап көрсеткен болатын [1]. Осыған орай қазіргі кездегі Қазақстанда білім беру бағдарламасының күтілетін нәтижесі өзін - өзі ынталандыратын, өз бетінше білім ала білетін, сын тұрғысынан ойлана алатын, өз білімін жетілдіруде заманауи ақпараттық- коммуникативті технологияларды (АКТ) еркін қолдана алатын құзіретті білім алушыларды дайындау болып табылады. Информатика пәнінің мақсаты болып білім алушыларды қазіргі заманауи технологиялармен тиімді жұмыс істеу үшін базалық білім, білік және дағдымен қамтамасыз ету болса, ал негізгі міндеттері болып келесілер саналады: - ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын қалыптастыру; - білім алушылардың ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдануларына әрекет ету; - талдау, абстракция, модельдеу және программалау арқылы білім алушыларға әр түрлі тапсырмаларды шешуді үйрету; - білім алушыларда логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған тапсырмаларды шешуге тиімді және рационалды тәсілдер табу мүмкіндіктерін қосатын есептік ойлауды дамыту [2]. 163