БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 151

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. имитациялық – кәсіби ойын жобалары мамандандырылғ ан практикаға бағытталған жобалар ақпараттық- аналитикалық жобалар Сурет 3 – Басқарушылық құзыреттіліктің қалыптасуына тиімді әсерін тигізетін студенттердің жобалық іс-әрекетінің түрлері Аталмыш жоба түрлеріне тоқталсақ: имитациялық – кәсіби ойын жобалары (топ студенттері рөлдерді бөлуді көздейтін бизнес ойының мазмұны мен сценарийін әзірледі)- басқарушының жеке-іскерлік өзара әрекеттесуінің әр түрлі субъектілері; ойын барысында белгілі бір кәсіби және басқарушылық тапсырманы шешу, маманның кәсіби іс-әрекеттерін негіздеу); ақпараттық- аналитикалық жобалар (студенттер көп өлшемді кәсіптік ақпарат алудың және оларды өңдеу жолдарын алудың әр түрлі әдістерін игереді: дене мәдениеті және спорт менеджменті, компьютерлік деректер базасы және т.б. саласындағы құқықтық және қаржылық – экономикалық құжаттарға талдау жасау); мамандандырылған практикаға бағытталған жобалар (нақты басқару жобасын іске асыру жоспарын негіздеу және дамыту, бизнес-жобаны әзірлеу және негіздеу). Жоғары оқу орнында сабақты ұйымдастыру жобаларды қорғау және талқылауды қамтыды. Курс барысында студенттер «баяндамашы», «талдаушы», «сыншы», «жаңашыл» деп аталатын микроқұрамдардың мүшелері арасында ауысып, әртүрлі роль атқарады (сурет 4). баяндама шы талдаушы сыншы жаңашыл Сурет 4 – Жобалық жұмыс барысындағы студенттердің рөлдік ұстанымдары Бұл рөлдер келесідей болады: - «баяндамашы» - бұл мәселені шешуге бағытталған топтың жобасын талқылау үшін мәселені тұжырымдайды; - «талдаушы» - «түсіну»: түсінік береді, сөйлеуші хабарының мазмұнын, мағынасын, құрылымын түсіндіреді. Ол спикердің байқамай тұрған тереңдігін іздейді. Алдымен оң мазмұнды көруді мақсат етеді; - «сыншы» - жемісті өзара әрекеттесудің негізгі фигурасы. Ол күшті оң зарядты жүзеге асыратын «жұмыс қақтығыстарының» бастамасы. Сыншы жаңа, 150