БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
А.Ф. Добудьконың айтуынша, оқытушының басқару құзыреттілігін
ғылыми-теориялық
сипаттау
психологиялық,
педагогикалық
және
мамандандырылған білімнің қажетті көлемін, олардың білімі мен ойлау
қабілеттерін ұйымдастыруды қамтитын басқарушылық қызметке ғылыми және
теориялық дайындығын білдіреді [5].
Н.К. Кондаковтың редакторлығымен жазылған «Логикалық сөздік-
анықтамалық»
еңбегінде
көрсетілгендей,
педагогтың
басқарушылық
құзыреттілігі тұлғаның динамикалық дамушы құрылымдық сипаттамасын
көрсетеді (білім, білік, дағыдалар мен тұлғалық пен іскерлік сапалар мен
қабілеттер
жиынтығы),
солардың
негізінде
оқу
және
болашақта
ұйымдастырушылық-басқарушылық кәсіби іс-әрекетті тиімді жүзеге асыру [6].
Сонымен қатар, бірқатар зерттеулерде, басқарушылық құзыреттілік
оқыту мен өзін-өзі білімдендіру үрдісінде қалыптасқан басқарушылық
құзыреттер жиынтығы деп анықталады.
«Басқарушылық құзыреттілік» ұғымы әмбебаб оқу әрекеттерінің
(білім,білік,дағды) қалыптасуымен ғана сипатталмайды, білімалушы тұлғаның
даму деңгейін көрсетеді, оның оқу білігін, яғни жаңа әлеуметтік тәжірибені
белсенді және саналы тұрде игерудегі өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіру
қабілеті.
Әдебиеттер көзін талдау негізінде педагогтың басқарушылық құзыреттілігінің
құрылымы келесідей компонеттердің жиынтығы екенін анықтадық: тұлғалық,
ұйымдастырушылық,қызметтік және басқарушылық (сурет 2).
тұлғалық
басқарушы
лық
ұйымдасты
рушылық
қызметтік
Сурет 2 – Педагогтың басқарушылық құзыреттілігінің құрылымы
Жоғарыда қарастырылған тұжырымдарды түйіндей келе,біздің
ойымызша, болашақ дене мәдениеті мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастырудың маңызды құралы – студенттерді жобалық қызметке
араластыру деп есептейміз. Зерттеулер нәтижесінде басқарушылық
құзыреттіліктің қалыптасуына тиімді әсерін тигізетін студенттердің жобалық
қызметтерінің түрлері анықталған болатын (сурет 3).
149