БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 149

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. тәсілері, сондай-ақ олардың әрекеттері үшін жауапкершілік ретінде қарастырады. Басқарушылық құзыреттілікке ие мұғалім тиімді педагогикалық технологияларды пайдалана алады, ол, өз орнында, оның құзыреттілігінің артуына әсерін тигізеді [2]. Ғалым О.Ю. Заславскаяның айтуы бойынша, «бүгінгі таңда мұғалімнің кәсіби қызметін дамыту- ол өз пәнін білуге және оның жұмысын ұйымдастыруға қабілетті емес, сонымен бірге мұғалімнің автономиясы мен жауапкершілігін қалыптастыруға, оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін тиімді басқаруға қабілетті білім беру жүйесінде жүзеге асырылатын инновациялық өзгерістердің шарттары байқалады» негізіне бағытталған. Зерттеуші өз еңбегінде «білім берудің тиімдігін арттыратын фактор болып табылатын мұғалім тұлғасының басқарушылық қабілеттерін қалыптастыру мен дамытудың қажеттілігі» жайында сөз етеді [2]. Т.И. Шамованың пікіріне сүйенсек, білім беру үрдісінің тиімді өтіп, білім беру сапасын арттыру үшін, сол үрдіске қатысушылардың барлығы: білім алушылар, білім берушілер, ата-аналар, білім беру мекемесінің басқармасы белгілі бір басқарушылық құзыреттілікті иемденуі керек. Автор білім беру үдерісіне қатысушылардың басқару құзыреттілігін басқарушылық білім, дағдылар мен әлеуметтік тәжірибе кешені, жеке қасиеттері, жеке және әлеуметтік маңызды педагогикалық нәтижелерге қол жеткізудегі шығармашылық шоғыры ретінде қарастырады. Сонымен қатар, мұғалім үшін басқару құзыреттілігін игеру оқу үрдісінде басқару мен өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру үшін студенттік орталығына және интерактивті технологияларға негізделген, - деп түйіндейді [3]. Жоғарыда қарастырылған ғалымдардың ой-пікірін түйіндей келе, болашақ дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі, бакалаврдың нақты кәсіби жағдаяттардағы басқарушылық іс-әрекетке даярлығы деп түйіндейміз (сурет 1). Болашақ дене Бакалаврдың мәдениеті нақты кәсіби педагогының жағдаяттардағ басқарушылық ы құзыреттілігі басқарушылық іс-әрекетке даярлығы Сурет 1 – Болашақ дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігінің іс-әрекеттік сипаты М.И. Марин, И.В. Иванихин және С.И. Лончак шығармаларында мұғалімнің басқару құзыреті мұғалімнің барлық компоненттеріне (мақсаттары, қағидалары, мазмұны, технологиялары және әдістеріне) сәйкес студенттерді тиімді басқаруды ұйымдастыруға қажетті ішкі ресурстар жүйесі ретінде қарастырады. Басқару құзыретінің ғылыми-теориялық, операциялық- технологиялық және әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларын қамтитын кешенді жүйе ретінде қарастыру керектігіне ерекше назар аударады [4]. 148