БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
дамытумен анықталып, белсенді субъектінің білім беру қызметі ұстанымымен
сипатталады.
Жоғары оқу орнында студенттерді ұйымдастыру ерекшеліктеріне
тоқталсақ, ол білім беру (оқу-тәрбие) үрдісінде студенттерді бірінші курстан
бастап өмір бойы оқу іскерлігін дамытуға негізделеді.
Жетекші ғылыми қызметкері ресейлік ғалым Е.Н. Князева өз
мақаласында атап көрсеткендей: "Бүгінде тұлғаның әмбебаптығы, оның жадында
ұсталынатын мәліметтер көлемі мен алқабындағы иелік етіп отырған түрлі
салалардан меңгерген білімде емес, ал сол ақпаратты бағдарлаудың жалпы
жүйесін меңгеруде, тұлғалық сүзгілерді құру - нақты құнды ақпаратты іріктеу
тәсілдерін меңгеруде, сондай-ақ тұлғалық іскерліктерді үнемі толықтыруда. Ең
бастысы, "білу" емес, керісінше қалай табуды білу, талап етілетін білімді қалай
тез табу, ең бастысы білімді табуға апарар жол мен шешімін іздеу" [1].
Басқарудың ең жоғары деңгейі-өзін-өзі ұйымдастыру. Білім беру
астарында бұл өзін-өзі білімдендіру, өзін-өзі дамыту, -өзін-өзі басқару. Білім
берудегі ең негізгі мәселе, ол қалай басқару, өзін-өзі басқаруды қолдауды
дамыту, адамға дамудың қолайлы жолын табуға жүйені итермелеу.
Осы тұрғыда оқытудың маңызды міндеттерінің бірі педагогикалық
технологияларды ендіру және ол тұлғаның танымдық іс-әрекетін, зияткерлік
ресурстарын басқару дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мұғалімдердің басқарушылық қызметінің мәселелері жиі педагогикалық
зерттеулердің нысанына айналып келеді. Алайда, құзыреттілікке негізделген
тәсіл заманауи кәсіптің білім беруде басымдыққа ие болғанына, жалпы және
кәсіби білімнің үшінші буынының мемлекеттік стандарттарында жетекші ретінде
көрінетініне қарамастан, мұғалімнің басқару қызметі құзыреттілік көзқарас
шеңберінде зерттеулер әлі де болса ізденісті талап етеді.
Психологиялық – педагогикалық зерттеулерге талдау көрсеткендей,
мұғалімнің қызметі, оның мәні, басқарушылық болып табылады; мұғалім
әдіснамашының, диагностика жүргізушінің, сарапшының қызметін жиі
орындайды, өзінің қызметін жобалаумен айналысады. Басқарушылық қызмет
мұғалімдерді оқытудың құрамдас бөлігі болып табылады, оның кәсіптік маңызды
сапасы, заманауи білім шарттарында мағыналы педагогикалық қызметке дайын
екендігін, қабылданған шешімдердің ғылыми негізделген қабілетін және
рефлексияны білу болып табылады. Практикалық қызметінде мұғалім
басқарушылықтың міндеттерін жүзеге асырады, студентті дамытады; оның
міндеті – студенттің дамуының мәнін, дамудың көздері мен механизмдерін, даму
үдерісін басқару мүмкіндігін зерттеу.
Мұғалімнің басқаруы арнайы ұйымдастырылған іс-шара ретінде
студенттің білім деңгейін қамтамасыз етеді, яғни жоспарланған уақытқа
болжамды және диагностикаланған мақсаттарға жету және ресурстардың алдын-
ала шығындары. Мұғалімнің басқару қызметі мұғалім жүргізетін үздіксіз үдерісі
болып табылады, оның нәтижесінде басқарылатын нысанның имиджі
қалыптасып, өзгереді, бірлескен қызметтің мақсаттары анықталады, оларға жету
жолдары анықталады, оның қатысушыларының жұмысы бөлінеді және күш
біріктіріледі.
Ғылыми-педагогикалық, арнайы әдебиетттер талдауы көрсеткендей,
болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің құрылымы педагог тұлғасына
ерекше психологиялық талаптар артатын басқарушылық қызмет үрдісінде
ашылуы мүмкін.
Мұғалімнің басқару құзыреттілігін О.Ю.Заславская арнайы пәндік салада
тиімді білім беру үрдісін жүзеге асыру үшін қажетті арнайы қабілет, сонымен
қатар жоғары мамандандырылған білім, пәндік дағдылардың ерекше түрі, ойлау
147