БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 147

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. тырысады. Сонымен қатар, студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруда жобалық жұмыстардың: имитациялық-кәсіби ойын жобалар, ақпараттық-аналитикалық жобалар, мамандандырылған практикаға бағытталған жобалар сияқты түрлерін анықтап, мазмұнын анықтаған. Тірек сөздер: құзыреттілік, басқарушылық құзыреттілік, дене мәдениеті, мұғалім, жобалық жұмыс, студент. Білім беру ортасының жаңа талаптары, білім беру мазмұнының жаңаруы, оқытудың инновациялық формалары мен әдістерінің енгізілуі, білім сапасына қойылатын талаптардың күшеюі, сабақты ұйымдастыру формасының қиындатылуы – бұның барлығы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің арттырылуын талап етеді. Кәсіби құзыреттілік маманның кәсіби дайындығы кезеңінде қалыптасады. Біз жоғары оқу орындарындағы білім беруді кәсіби құзыреттілік негіздерінің қалыптасу процесі деп қарастыруымыз керек деп санаймыз. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі жұмыс істейтін мұғалімнің практикалық қызметінің барысында да көрініс табу мүмкіндігі бар, дегенмен оның алғышарттары мен негіздері жоғары оқу орнында оқу кезеңінде қалыптасады. Сонымен қатар, заманауи педагогтың кәсіби құзыреттілігінің қалыптасқандығының негізгі көрсеткіші- оның білім алушылармен тиімді қарым –қатынас орната білу іскерлігі мен басқарушылық құзыреттілігінің жетілуі. Қазіргі заманғы жоғары мектеп жаңа материалды түсіндіріп, өз жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін мұғалімдерге ғана емес, сондай- ақ тыңдаушылардың білімін және танымдық белсенділігін сауатты басқара алатын мұғалімдерді қажет етеді. Көптеген зерттеушілер назар аударатын түбегейлі қарама-қайшылық бар, ол қазіргі ақпараттық қоғамда: тұрақты өсіп келе жатқан ақпарат көлемінде білімнің үлесі кеми тісіде, алайда әлемдік ауқымда бір адам ол ақпаратты жалпы көлемде толығымен меңгеруге мүмкіндігі бар. Бұл заңдылық білім беруде өзгеріске ұшырайды,яғни қарама-қайшылық мүмкіндігі туындайды адамның өсіп бара жатқан ақпарат ілегі мен тарихи қалыптасқан нысандары мен әдістерімен оқытуға бағдарланған меңгеру арасында. Даму серпіні ақпараттық процестерді мынадай, "ақпарат көлемі кеңейеді, ал адамдық оқу керісінше барынша тарылады, себебі адамның қысқа өмірінде іргелі негізде танып-білу қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыда оқу стратегияларын ауыстыру қажеттілігін көзге түсуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ақпараттық кеңістікті кеңейту энциклопедиялық білімге емес, барынша басымдық оның мамандандыру және іргелендіруге алып келеді. Іргелі ету, білім берудің бүгінгі таңдағы жаңа мағынасы. Бұл білімді қалыптастыру туралы негізгі заңдар мен даму заңдылықтарды білу ғана емес, оның қабілеттерін дамыту, мәселелерді қоя білу мен шеше білу, қиын жағдайларда.тиісті әдістер арқылы шешім қабылдау. Білім беру қоғамда болып жатқан жаһандық өзгерістер жауап бере алатындардың алдыңғы қатарында болуы тиіс. Білім берудегі жаһандану-бұл қоғамды ақпараттандыру жағдайындағы мәдени құбылысқа айналады, ол арқылы жаңа менталитетті қалыптастырып, қоғамның болашағын оның қажеттілігі ретінде жобалауға болады. Қоғамның екі революциялық өзгерістер контекстінде (жаһандану және ақпараттандыру) оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға өзгерістер еңгізу қажет. Бұл өзгерістер оқыту іс-әрекетінің дербес оқу қызметі режиміне көшумен сипатталады. Онда жауапкершілік оқыту студент өзіне жүктеледі. Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысында студенттердің шығармашылығын 146