БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 123

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. логикалық ойлау қабілетін дамыту, геометриялық түрлендірулер теориясын қолданып салу есептерін орындау да қарастырылған. Салу алгоритмі және қадамдары сызба арқылы көрсетілген. Жаңа стандартта реттелген білім, білік, дағдылар, сондай-ақ негізгі құзыреттіліктер түріндегі білім беру нәтижелері, әлеуметтену нәтижелері жалпы білім беретін пәндер мен оқу-әдістемелік қолдау бойынша білім беру және оқу бағдарламадарының мазмұны арқылы қалыптасады. 12 жылдық мерзіммен оқытатын жалпы орта білім беру мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі- проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент); ақпараттық құзыреттілік; коммуникативтік құзыреттіліктер жиынтығын игеруіне бағдарланған [1, 85-86 б.]. Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру үшін, мұгалім ақпараттарды белгілі және белгісізге бөлу, қажеттісін бөліп алу, анықтамалықтарды, теоремаларды басшылыққа ала отырып, сұрақ қоюға, ақпарат жинақтауға, графиктік түсінікті жай (бір құрамды) ақпараттық немесе бейнелік түсінікті мәтіндік түсінікке және керісінше өрнектеуге, алынған ақпаратты дәл айтып беруге, ұсынылған ақпараттардың дерек көзінен аргументтер мен қорытындылар табуға, дәлелдеме, бағалау, түсіндіре білуге, алгоритмдеуге, сәйкестендіруге анықталған тәсіл бойынша үйретеді. Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру үшін, мұгалім мәтінді дайындау ережесін сақтап және берілген үлгі бойынша сұрақққа жауап беруді, пікірталас, диалог, монологтардағы бағалау, фактіге негізделген ақпараттардың негізгі мазмұнын , ережеге сәйкес сөйлемді бастау мен аяқтауды, оқушылардың өз идеяларын ұсыну мен түсіндіруге, топтық жұмыс үшін берілген тапсырмаға сәйкес жауап беруге дағдыландырады. Проблеманы шешу және өзіндік менеджмент құзыреттілікті қалыптастыру үшін, мұгалім құрастырған проблеманы шешу үшін қандай ұстаныммен кіріскенін түсіндіру арқылы айырмашылығын, нақты жағдайды суреттеуді, есепті шығару бойынша логикалық қадамдардың ретін анықтауды, нұсқауға сәйкес технологияны жасауды, белгілі іс-әрекетті орындау үшін қажетті ресурсты атауды, іс-әрекетін алгоритм бойынша орындауға үйретеді. Циркульді және сызғышты ғана пайдаланып шығаруға болмайтын салу есептері. Геометриялық салу есептері жалпы өз алдында қиын болып келеді. Сонымен бірге циркульді және сызғышты ғана пайдаланып шығарылмайтын есептер де кездеседі. Олардың қатарына Евклидтің V постулаты сияқты, ежелгі заманнан бастап-ақ сан алуан ғұлама ғалымдар ойларын бөліп, сарапқа салған төмендегідей есептер жатады. 1. Кубты екі еселеу есебі: көлемі берілген кубтың көлемінен екі есе үлкен кубтың қырын салу керек. 2. Бұрышты тең үш бөлікке бөлу есебі: кез келген бұрышты өзара тең үш бөлікке бөлу. 3. Дөңгелектің квадратурасы: радиусы r болатын дөңгелекке тең шамалы квадрат салу. 4. Дұрыс n-бұрышты салу есебі. Осы есептердің жалпы жағдайда шешілмейтіндігін төмендегідей жалпы теоремадан алуға болады. Теорема. Егер есебінің аналитикалық шешімі рационал амалдармен квадрат түбірлері арқылы өрнектелсе, онда бұл салу есебі циркульді және сызғышты пайдаланып шешілмейді. Керісінше, салу есебінің шешімі рационал амадар мен квадрат түбірлері арқылы өрнектелсе, онда бұл есеп циркульді және сызғышты пайдаланып шешіледі. 122