БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Сдикова Г.Ж., Искакова А.Ж.
ҚР ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ХИМИЯ ПӘНІН
БИЛИНГВАЛДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі білім беру жүйесіндегі билингвалды оқыту мәселелері өзекті болып
табылады. Мақалада химияны билингвалды оқыту процесінде оқушылардың
химиялық тілін қалыптастыру мәселесі ұсынылған. Сонымен қатар, ҚР орта
мектептеріне арналған билингвалды оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері
қарастырылған.
Тірек сөздер: Билингвалды оқыту, химияны оқыту әдістемесі, көптілді
білім, билингвалды оқытудың әдістері мен әдістемесі
Сдикова Г.Ж., Искакова А.Ж.
ОСОБЕННОСТИ БИЛИНГВАЛЬНОГО ОБУЧЕНИЯ ХИМИИ
УЧАЩИХСЯ СРЕДНИХ ШКОЛ РК
В современной системе образования актуальными являются проблемы
билингвального обучения. В статье представлена проблема формирования
химического языка учащихся в процессе билингвального обучения химии. Также
рассматриваются методы и методические приемы билингвального обучения
химии для средних школ РК.
Ключевые слова: Билингвальное обучение, методика обучения химии,
полиязычное образование, методика и методы билингвального обучения.
***
ӘОЖ 511-33
Жумагалиева А.Е. – физика-математика ғылымдарының кандидаты,
доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Есетов Е.Н. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
E-mail: [email protected]
ДҰРЫС КӨПБҰРЫШТАРДЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІК ОҚЫТУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ САЛУ ӘДІСТЕМЕСІ
Аңдатпа. Ұсынылып отырған мақалада жоғары және орта білім
стандарты аясында оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік, проблеманы
шешу құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Болашақ мұғалімдер
математиканың жалпы заңдылықтары, әдіс-тәсілдерімен қатар есеп
шығарудың
жолдарын
білуі керек, ойлаудың
еркіндігін, сананың
салауаттылығын, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару қажет.
Аталған әдіс-тәсілдер мен есептердің берілу әдістемесі мақалада көрсетілген.
Тірек сөздер: құзіреттілік, шешу әдістері, талдау, салу дәлелдеу,
зерттеу, көпбұрыштар.
Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі – күтілетін нәтижелерге
бағытталған жаңарған білім мазмұнын игерген, өзгерістерге икемді, жаңа
ақпараттық технологияларды өз әрекетінде қолдана алатын, бәсекеге қабілетті
жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Нәтижеге бағдарланған жалпы
орта білім берудің жаңа жүйесіне көшу мамандарды даярлауды ұйымдастырудың
мазмұны мен технологияларын, мақсаттар проблемаларын өзектендіреді.
Мақалада салу есептері, циркульмен сызғыш арқылы салу және салу
есептерін алгебралық жолмен шығару есептері келтірілген. Білім алушылардың
121