БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
1
2
3
Кесте 2 – Оқытуды басқару жүйесін қолдану себептері
Қандай мақсатта
Түсініктеме
Студент
Технология оқытушыны толықтай ауыстыру мүмкін
тарапынан
емес. Алайда бүгінгі таңда оқушылардың ақпарат алуға
сұраныс
мүмкіндіктері кең екенін ескеру керек. Олар интернетті
шолып, өздеріне қажетті ақпарат алады. Ол үшін
оқытушының қажеті жоқ. Дегенмен, оқушы өзінің
дұрыс білім алғандығын тексере алмайды. Сондықтан
курсты оқытушы әзірлеу барысында белгілі бір
логикалық
тізбектілікке
әкеледі.
Қажетті
материалдарды құрастырады. Және материалдарды
онлайн режимге жүктеп, студенттерге қадағалау жасай
алады.
Студенттің
Бүгінгі таңда көптеген студенттер жұмыс жасайды. Өз
кестесі
оқу ақыларын өздері төлейді. Сондықтан күнделікті
сабаққа қатысу мүмкіндіктері аз. Ал платформада
оқытушы жүктеген материал тәулігіне 24 сағат қол
жетімді. Студент оқытушыға өзіне түсініксіз болған
материалдар бойынша сұрақ қалдыра алады. Студент
тарапынан ескерілетін мәселе, ол тапсырманы уақтылы
тапсыру қажеттілігі.
Ең жақсы курстар Оқытуды басқару жүйесін қолдану арқылы оқытушы
курстың мазмұнын жақсарта алады. Себебі, оқытушы
сыныпта өткізетін уақытын тиімді пайдалануына
болады. Сонымен бірге, студенттер пікірін біліп
(онлайн сауалнама жүргізу арқылы), оқытушы курстың
«кемшілігін» азайтуға қол жеткізеді, яғни әдістемелік
тұрғыдан да сапаны көтеруге мүмкіндік болады.
Оқытуды басқару жүйесін қалай жүзеге асыруға болады?
Басты сұрақ: оқытуды басқару жүйесі оқыту процесін қалайша жақсарта
алады: бірқатар жауаптарды қарастыруға болады:
1) Оқыту мақсаты (learning objectives / teaching aim) білім беру барысында
маңызы зор. Оқыту мақсаты – силлабуспен, оның құрылымымен,
тапсырмалармен тікелей байланыста. Осы жүйені пайдалану арқылы оқытушы
өз әдістемесіне түрлі әдістерді қоса алады.
2) Оқытуды басқару жүйесі оқушыны тікелей платформадағы оқу
ресурстарының (оқулықтар, подкасттар, веб-қосымшалар, бейнелер, электронды
кітаптар, презентациялар, дәрістер) қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
3) Оқытуды басқару жүйесі студентке өз еркіне, уақытына қарай ыңғайлы
кезде оқуға мүмкіндік береді. Және студент өзінің жетістігін де бағалай алады.
Ал оқытушы өзінің жеке аудио жазбасын дайындай алады. Бұл бір материалды
қайталай бергеннен, оны бір рет жазып, платформаға жүктеу, оқытушы жұмысын
жеңілдетеді.
4) Оқу процесін ұйымдастыруға және жақсартуға көмектесетін келесі
маңызды элемент – оқушының нәтижесін білуге мүдделі тұлғаларға
(оқытушылар, ата-аналар, декандар қызметкерлері және студенттер) ақпараттың
қол жетімділігі.
5) Зерттеулер студент білімін 60%-ына оқытушылардың үлес қосатынын
дәлелдеген. Оқытушы курсқа қажетті материалды анықтайды, студентке қажетті
біліктілік деңгейін анықтап, соған байланысты тапсырмалар деңгейін де
белгілейді.
111