БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Сауалнама - куиз
(Quizzes)
Тапсырмаларды
жинау,
оларды
рецензиялау, шолу
Студентердің
бағасын жазу
алған
арқылы тез және оңай байланыс жасайды.
Материалды оқығаннан немесе бейнежазбаны
көргеннен кейін студент бірден өзінің қалай
түсіндігін білу үшін – өзін өзі бағалай алады. Ол
үшін арнайы онлайн сұрақтарға жауап береді. Бұл
сұрақтар: викторина, куиз болуы мүмкін. Егер
студент қажетті ұпай жинай алмаса, онда қайтадан
материалдары оқып, видео материалды қайтадан
көріп, сұрақтарға тағы да жауап бере алады. Онлайн
викториналар, сауалнама, сұрақтар - кері байланыс
алудың ең оңай жолы. Оған қоса, оқытушы сұрақтар
тізімі арқылы тестілер жинағын толтыруға
мүмкіндік алады.
Тапсырмаларды
онлайн
режимде
ұсыну,
оқушылардың білімін тез әрі оңай бағалау жолы.
Зерттеу жұмыстары – студенттер өздерін бағалай
алатындығын, және бір бірімен бөлісе алатындығын
көрсетеді.
Бағаны онлайн режимде қою «бір оқпен екі қоянды
аулауды» білдіреді.
Студенттердің бағасы әрбір тапсырманы орындаған
сайын, жаңартылып отырады. Студенттің бағасын
оқытушы көре алады. Баға басқа студенттерге
көрінбейді. Курс аяқталған соң, оқытушы бағаларды
жүйеленген түрде Excel файлға жүктеп алады.
Сонымен, оқытуды басқару жүйесінің ерекшелігі сол – барлық құралдарды
бірге пайдалануға болады:
- Оқыту мақсаты әрбір сабаққа тікелей байланыста;
- Әрбір сабақ стандартталған оқу жоспарына негізделген;
- Курсты аяқтаған соң студенттер өз деңгейін бағалай алады.
Неліктен бұл жүйені қолдануымыз керек?
Бұл сұраққа нақты бір ғана жауап жоқ екені рас. Себебі, соңғы 500 жыл
бойы оқытушы сабақты сыныптағы тақта мен бор арқылы өткізіп келді. Кітаптар,
оқулықтар – оларды басып шығару шығындарын азайтуға мүмкіндік туғызған
компьютер мен интернет. Сондықтан осы мүмкіндіктерді неге қолданбасқа?
Интернет мүмкіндігі технологияларды қолданысқа енгізіп, өмірде
пайдалануға үлкен жол ашты. Осы технология арқылы қазіргі таңда білім беру
жүйесі дәстүрлі форматтан онлайн форматта білім алу, аралас түрде оқыту
(blended learning), және түрлері нақты өмірде қолданылуда. Мәселен, онлайн
форматта білім алуға арналған 50ден астам оқыту платформалары бар. Ондай
платформаларды MOOC деп атайды [6]: massive open online courses. Бүгінде бұл
термин де біздің қолданысқа кеңінен еніп келеді. Олардың қатарында айталық:
- www.coursera.com
- www.edx.com
- www.khanacademy.com
- www.udemy.com
- және www.youtube.com
Сонымен, оқытуды басқару жүйесін қолданудың бірқатар себептерін келтіре
кетсек:
110