БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Біріншіден, осы түсінікке анықтама беру мақсатында көптеген ақпарат
көздеріне іздеу жүргізу барында, сан түрлі материалдар табылғанымен, өкінішке
орай, көбі орыс, ағылшын тілдерінде. Әйтседе, қазіргі кезде елімізде
https://e.edu.kz/ ресми сайты бар [5]. Бұл мемлекеттік жоба. Ол еліміздің білім
беру саласын дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыруға мол мүмкіндік береді. Осы e-learning электрондық
оқыту жүйесіне арналған сайтта, біз зерттеп отырған оқытуды басқару жүйесі
берілген.
Сонымен, оқытуды басқару жүйесі – бағдарламалық қосымша. Ол онлайн
курстарды басқару үшін арнайы әзірленген. Ол оқытушы мен оқушының
арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Осы бағдарламалық қосымша арқылы
курстың материалдары таратылады. Оқытуды басқару жүйесі – оқу процесін
басқаруға, әкімшілік тұрғыдан бақылау жасауға, құжаттарды тіркеуге,
қадағалауға, есеп беруді қамтамасыз етуге мол мүмкіндігі бар.
Бір сөзбен бұл жүйе оқыту (оқытушы тарапынан), білім алу (оқушы
тарапынан) және университет (немесе кел келген ЖОО) басшылығының қарым–
қатынасын реттеуге мүмкіндік береді. Атап айтсақ, оқыту процесін
- Орталықтандыру, автоматтандыру;
- Өзін өзі басқару қызметі;
- Оқыту материалдарын жинақтау, жедел жеткізу;
- Оқыту процесіндегі стандарттарды қадағалау;
- Оқу материалдарын кез келген уақытта қолдану мүмкіндігіне қол
жеткізу.
Қорыта айтқанда, оқытуды басқару жүйесі – оқу процесін ұйымдастыру
жеңілдетеді.
Осы жүйе арқылы қандай мүмкіндіктер бар, айталық:
- Материалдарды жүктеу және олармен бөлісу (оқытушы);
- Онлайн форум және cұқбат жүргізу (оқытушы мен оқушылар, оқушылар
арасында өзара);
- Сауалнама жүргізу - куиз (quiz);
- Тапсырмаларды жинау, оларды рецензиялау, шолу;
- Баға қою.
Осы берілген құралдарға түсініктеме беретін болсақ. Білім беру жүйесі
қашықтықтан оқыту (онлайн жүйесі болсын) курстың жүргізуші оқытушы,
инструктор деп аталады.
Кесте 1 – Оқыту басқару жүйесінің мүмкіндіктері (құралдары)
Атауы
Түсініктеме
Материалдарды
Инструктор (оқытушы) курстың силлабусын,
жүктеу және олармен лекцияның қысқаша нұсқасын, видео материалдары,
бөлісу
оқуға арналған материалдарды (оқулықтарды);
мақалаларды; видео презентацияларды платформаға
жүктейді және студенттер (немесе курсқа біркелген
кез келген оқушы) аталмыш материалдарды
өздеріне жүктеп алуға мүмкіндігі бар, яғни студент
керекті материалын жүктеп алады.
Форум мен сұхбат Онлайн форум мен сұхбат – коммуникацияның
жүргізу (чат)
басты құралдарының бірі. Бұл қашықтықтан оқыту
шеңберінде студенттердің бас қосуына арналған
негізгі құрал. Студенттер форумды пайдалана
отырып, уақытты белгілей алады, бір біріне сұрақ
қойып, жауап алады. Пікірталас жүргізеді, чат
109