БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 109

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. тәрбиелеуде қандай оқу түрі қолданылса, ол педагогика, педагогикалық психология, дидактика және жеке әдістердің жалпы заңдылықтарымен байланыста көрсетілуі керек. Қашықтықтан оқыту - қашықтықтан сабақ беру мен тапсырмаларды орындауды қамтиды. Оқу процесінде мұғалім мен оқушы және оны қарым-қатынасты басқару әікмшілігі қатысады [2, 110, 117 б.]. Қашықтан оқыту формасын анықтайтын негізгі факторлар: 1) оқу материалдары оқушыға (студентке) қашықтықтан қол жетімді; 2) оқытушы мен студенттің қарым-қатынасы нақты құралдар арқылы жүзеге асады, айталық, оқу платформасы Moodle; 3) студенттер арасында өзара, курстың әкімшілігі мен студенттер арасында өзара қарым-қатынас; 4) студенттер өз үлгерімдерін өздері бақылай алады және тағы басқалар. Біздің елімізде 2005 жылдан басында көптеген жоғары оқу орындарында (ЖОО) қашықтықтан оқыту бөлімдері ашылды [3]. Одан бергі уақытта қашықтықтан оқыту форматының өзіне көптеген өзгерістер енгізілуде. Егер осыдан 10 шақты жыл бұрынғы қашықтықтан оқыту форматын бүгінгі мүмкіндіктермен салыстырсақ, онда көптеген алға жылжуды байқауға болады. Яғни, түрлі инновациялық технологиялар педагогика саласына шексіз жаңалықтар енгізуде. Бұл дегеніміз сөзсіз «Білім Экономикасының» белгісі. Бір сөзбен айтқанда білімге негізделген экономика – технологиялар арқылы жүзеге аспақ. Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру үшін оқытушы тер төгеді: видео материал әзірлейді, тақырыпқа сәйкес видео болған жағдайда, интернеттен алып, оны жөндеу керек, аудиозапись жасау, глосарий әзірлеу, әр тақырыпты бекіту үшін тест, немесе куиз, немесе сауалнама, ашық сұрақ әзірлеу, талқылауға сұрақтар дайындап, оны онлайн форум арқылы өткізу, студенттердің белсенділігін бақылау, бағалау және тағы басқа толып жатқан жұмыстар. Ал осы аталған жұмыстарды бірізділікке салу үшін оны басқару қажет. Оған қоса, студенттермен кері байланысты да ұйымдастыру керек. Біз сөзбен айтқанда, қашықтықтан оқыту процесін басқару. Сонымен, қашықтықтан оқытудағы басты мәселенің бірі – оқытуды басқару жүйесі. Бүкіл әлемде бұл түсінікті Learning Management System (LMS) деп атайды. Біз осы мақалада ақпараттық – технологиялардың педагогика саласындағы рөлі мен маңызын негіздеу үшін - оқытуды басқару жүйесіне зерттеу жүргізіп, талдауды ұсынамыз. Сонымен, мақаланың мақсаты – педагогика саласында заманауи технологияларды қолдану үшін оны басқару жүйесін зерттеу болып табылады. Біз желілік технология, яғни интернет арқылы басқарылатын жүйені талдамақпыз. Бүгінде технологияның оқу процесіне ықпалы зор екенін кез келген оқытушы біледі. Технология интернет арқылы жеткізіледі. Сондықтан интернеттің рөлі өте зор. Интернет сабақ беру мен білім алудағы революция. Интернет арқылы оқыту мен білім алу (оқу) барысын тиімді басқаруға болады. Бұл басқаруды – оқытуды басқару жүйесі (LMS) деп атаймыз (жоғарыда айтып өттік) [4]. Осы оқытуды басқару жүйесін нақты түсіну үшін алдымен, зерттеу сұрақтарын анықтап алайық: 1) Оқыту жүйесін басқару дегеніміз не? 2) Неліктен бұл жүйені қолдануымыз керек? 3) Оқытуды басқару жүйесін қалай жүзеге асыруға болады? 4) Қандай мысал бар? Оқыту жүйесін басқару дегеніміз не? 108