БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 108

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. ӘОЖ 371.64 Габдрахманова Ш.Т. – педагогика ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті E-mail: [email protected] Касымова А.Х. – педагогика ғылымдарының кандидаты, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университетінің доценті E-mail: [email protected] Сағызова Г.Г. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты E-mail: gulnur_20_88 @mail.ru ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ – ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ Аңдатпа. Мақала ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың білім беру үрдісіне (сабақ беру барысына) ықпалын және қашықтықтан оқытуды басқару жүйесін талқылайды. Мақала қашықтықтан оқытуды басқару жүйесін көрсету үшін оны нақты оқыту платформа незінде түсіндіреді. Ол Moodle платформасы. Авторлар мақалада білім беру барысында қашықтықтан оқытудың қажеттілігін, әрі оны жүзеге асыру үшін технологияларды пайдалануда туындайтын қиындықтарды көрсетеді. Оқытушыларға (мұғалімдерге) технологияны меңгеруде жаңа, қосымша дағдыларды игеру үшін уақыт пен күш керек. Тұтастай алғанда, заманауи технологияларды білім беру процесіне қолдану кадрларды даярлау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Тірек сөздер: ақпараттық-коммуникациялық технология, қашықтықтан оқыту, оқытуды басқару жүйесі, Moodle платформасы. Ақпараттық және коммуникациялық технологияның (АКТ) қоғамның барлық саласында қолданысқа енуі – қоғам өмірінде орын алған өзгерістерге себеп болды. Соның ішінде, білім беру саласына ақпараттық-коммуникациялық технологияның ықпалы соңғы он жылда қарқынды өскенін кез келген оқытушы сезінеді. Бұл «ықпалды» бір жағынан педагогика саласына жаңа «мүмкіндік» деп қарасақ, екінші жағынан оның «қиындықтар» туғызатыны да сөзсіз. Ақпараттық – коммуникациялық технология білім беру саласы аясын кеңіткені рас. Олған дәлел білім беру саласын қашықтықтан оқыту мүмкіндігіне қол жеткізді. Егер жиырмасыншы ғасыр – өндірістің «қайнаған» кезі, білім беру күндізгі және сырттай оқыту форматтары арқылы жүзеге асырылып, сырттай бөлімде оқитындар азаматтар жұмыс орнынан арнайы рұқсат алып, институт, университет – оқу орындарына келіп оқитын болса, енді өндірістен қол үзілмей қашықтықтан оқыту (ҚО) мүмкіндігі бар. Оның нәтижесінде өндіріс пен оқу процесі қатар жүреді. Қашықтықтан оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың бір формасы. Оқытудың бұл формасы – білім беру барысында қолданылатын әдіс– тәсілдерді түрлендіруді, оқушының талабына қарай бейімделуді, көптеген «құралдарды» қолдануды талап етеді [1, 15-16 б.]. Бұл «құралдар» толығырақ мақала барысында сипатталады . Қашықтықтан оқыту - бұл күндізгі, сырттай және экстернат оқудың жаңа формасы. Ол дербес білім беру жүйесі болып саналады. Адамды оқыту мен 107