БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 107

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. - сұхбатқа жазбаша сұрақтар дайындау [5, 7 б.]. Мысалы: оқулықта берілген 42-жаттығуда көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып, өлеңді көшіріп жазып, к, г дыбыстары туралы білетінін еске түсіру керек. Өлеңде серік сөзі қандай өзгеріске ұшырағанын айтулары керек [6, 58 б.]. Тек осы әріптерді ғана емес, тағы да басқа өзгеріске ұшырайтын әріптерді де ажыратуға байланысты тапсырмалар беріледі. Жазылым дағдысына арналған жаттығулар оқушылардың дұрыс, әрі қатесіз, көркем жазуына дағдыландырады. Көбінесе осындай әріптерден оқушылар шатасып жатады, сондықтан өзгеріске ұшырайтын әріптермен көбірек жұмыстанса, оқушыларымыз сауатты жазуға үйренеді. Мұғалім оқулықтағы жаттығулармен шектеліп қалмай, балалардың коммуникативтік дағдыларын әрі қарай дамыту үшін қосымша тапсырмалар да берген жөн. Адамның күнделікті өмірі қарым-қатынас жасаудан тұратын белгілі. Оқушылардың сөздік қорының мол болуы, сауатты жаза алуы, тыңдағанын жеткізе білуі, қатесіз, мәнерлеп оқуы болашақта адамдармен қарым-қатынас жасағанда, қоғамдық орталарда үлкен септігін тигізеді. Әдебиеттер: 1. Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы, 1998. – 509 б. 2. Қанаева А.Т. Спиральді білім беру бағдарламасы // Қазақ тілі және әдебиеті: әдістеме. – 2016. – №10. – Б. 6-7. 3. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. – Нұр-Сұлтан, 2019. – 150 б. 4. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. – 380 б. 5. Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптар үшін «Қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы. – Алматы, 2016. – 34 б. 6. Жұмабаева Ә.Е., Уайсова Г.И., Сәдуақас Г.Т. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық. 2-бөлім. – Алматы: Атамұра, 2017. – 126 б. 7. Шахаева А.А. «Бастауыш сынып оқушыларының жазу каллиграфиясын дамыту» // Бастауыш сынып. – 2016. – №6(74). – Б. 4-6. Хасанова И.У., Биржан Н.С. ЗАДАЧИ ПОВЫШЕНИЯ КАЧЕСТВА РЕЧИ УЧАЩИХСЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ В статье рассматриваются способы, с помощью которых ученики начальной школы могут развивать свои речевые навыки. У каждого навыка есть свои задачи. Решение этой задачи будет способствовать развитию коммуникативных навыков учеников. Ключевые слова: язык речи, коммуникативные навыки, аудирование, говорение, писание, чтение, спиральный принцип, метод прокрутки, обновленный учебный план, общение, языковое задание. Khassanova I.U., Birzhan N.S. TASKS FOR IMPROVING THE SPEECH SKILLS OF PRIMARY SCHOOL PUPILS The article discusses ways in which elementary school pupils can develop their speech skills. Each skill has its own tasks. This task will develop pupils' communication skills. Keywords: language of speech, communication skills, listening, speaking, writing, reading, spiral principle, scrolling method, updated curriculum, communication, language task. *** 106