БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
- Мәтін не туралы?
- Мәтін неше бөліктен тұрады?
- Бауыржанның әкесі қандай адам болған?
- Бауыржан Момышұлының өмірбаяны туралы энциклопедиядан біліп ал.
- Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің айтылуы мен жазылуын
салыстыру тапсырмаларын орындау қажет [6, 59 б.]. Сөздердің мағынасын
ажыратуға мән берілген. Әр сөздің мағынасын ашып, мысалымен түсіндіріп
өтулері керек. Бұндай тапсырмаларды орындағанда оқушылар мәнерлеп оқуға,
мүдірмей, қатесіз, түсініп оқуға, ізденуге дағдыланады.
Жазылым оқушының мектепке келген күнімен, жазуымен басталады.
Сауатты, әрі әдемі жазуды меңгерудің әр адамға маңызы өте зор.
Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу
көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге
әкеп соғады. Бір қарағанда алфавиттегі санаулы дыбыс таңбаларын әдемі және
жылдам жазуға балаларды үйрету онша көп қиындық келтірмейтін сияқты. Шын
мәнінде, бұл дағдыларды оқушылар бойында қалыптастыру барысында
мектептің алдында көптеген қиындықтар кездеседі. Жазба жұмыстарын көптеп
орындатуға қарамастан, кейбір оқушылар дыбыс таңбаларын, олардың бір-
бірімен байланысу жолдарын жазу кезінде қолдана білмейді. Дыбыс таңбаларын
көркем әрі айқын жазуға дағдыланса да, жылдам жазуға әдеттенбегендіктен,
айтылған ойға ілесе алмайды әрі жазу сауаттылығы мен анықтығы төмендейді.
Ғалымдардың қалыптасқан пікірі бойынша, жазылым үш бөліктен құралуы тиіс.
Олар: себеп-салдарлық, аналитикалық-синтетикалық, орыңдалымдық.
Жазылым әрекетін қалыптастырудағы мәтіндермен жүргізілетін жұмыс
түрлері.
Оқушылар ауызекі сөйлеу тілімен қатар жазба тілі де меңгеруі керек.
Себебі: ойды жазбаша жеткізу ауызшаға қарағанда логикалық жүйелілікпен
құрылады; жазба хабарламаларда алғашқы сөйлемді соңғысы толықтырып
отырады; жазба тілде керекті сөзді таңдай білу, грамматикалық құрылымдарды
дұрыс қолдана білудің маңызы зор.
Оқушыны жазуға үйрету сөйлеуге, оқи білуге үйретумен қатар жүргізіледі.
Өйткені, жазу тілін меңгермейінше сол тілде дұрыс сөйлей білу, үйренгендерін
есте сақтау мүмкін емес.
Жазу дағдысының бастамасы қазақ тіліне тән әріптің әрбір бөлігін (таяқша,
дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бастауыш
сыныптарда жазуға үйретуде әуелі механикалық көшіру (тақтадан, оқулықтан)
жүзеге асырылады. Кейін тақырыпқа қатысты сөздерді теріп көшіру,
қалдырылған сөздерді теріп көшіру жаттығулары орындалады. Көшіргендерін
түпнұсқамен салыстырып, қатесін түзетеді [4, 9-10 б.].
2-4 сыныптар үшін «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасында
жазылым дағдысына берілетін тапсырмалар үлгілері:
- оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;
- сөздердің орфографиясын меңгеруге арналған тапсырмалар;
- газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу;
- белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;
- әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
- тілдік тақырыптар аясында шығармашылық тапсырмалар (ребус,
пиктограмма, сөзжұмбақ, сәйкестендіру және толықтыру тест тапсырмалары)
құрастыру;
- ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы
беру;
- жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік құрастыру;
105