БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 113

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Қандай мысал бар? Қазірде оқытуды басқару жүйесі платформалары бар: олардың жалпы шамамен 350. Солардың ішінен бастапқы 20сын көрсетейік: 1) Moodle; 2) Edmodo; 3) Blackboard; 4) SumTotal Systems; 5) Skill soft; 6) Cornerstone; 7) Desire2Learn; 8) Schoology; 9) NetDimensions; 10) Cooloborize Classroom; 11) Success Factors; 12) WizlQ Inc; 13) Infrastructure; 14) Bright Space; 15) Cypher Learning; 16) Latitude Learning; 17) Educadium; 18) eFront; 19) Digital Chalk; 20) Litmos. Елімізде көптеген ЖОО-ы Moodle платформасын таңдайды. Сонымен, қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – жеке адамды интеллектуалды дамыту, ақпаратпен жұмыс жасай білуге үйрету және оның ерекшелігі – ол өзіндік оқыту жүйесіне жатады деп қорытындылай аламыз. Мақаланың басында ақпараттық-коммуникациялық технологияны педагогика саласына мүмкіндік ретінде бірқатар ойымызбен бөлістік, және оның «қиындықтары» туралы да сөз қозғадық. Қиындығы сол – әр оқытушы аудиожазба, видео материал әзірлеп үйрену керек. Онлайн сауалнама жүргізу құралдарын да жетік меңгеруі керек. Сонда оқытушы екі түрлі маман болып әзірленеді: - біріншіден, курстың мазмұнын жақсы меңгеру; - екіншіден, курсты қалай әзірлеп, студентке (тыңдаушыға) жеткізе білуі (технологияларды пайдалану арқылы). Әйтседе, бұдан педагогикалық жүйенің ешбір мәні өзгермейді. Тек айырмашылық –оқытушы мен оқушының арасындағы алшақтық. Бұл жүйеде басқа білім беру жүйесіндегі сияқты барлық компоненттер қарастырылады (мақсат, тапсырмалар, мазмұны, әдісі, оқыту құралдары), бірақ олар арнайы интернет- технология құралдары арқылы жүзеге асады. Әдебиеттер: 1. Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании: учебное пособие для вузов. – М.: Издательский центр Академия, 2010. – 184 с. 2. Положенцева И.В. Применение современных методик дистанционного обучения в отечественном образовательном пространстве // Интернет-журнал «Мир науки». – 2016. – Том 4. – № 6 (ноябрь - декабрь). – https://mir-nauki.com/PDF/33PDMN616.pdf Пайдаланған уақыты: 24.04.2018 ж. 3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – http://adilet.zan.kz/ Пайдаланған уақыты: 24.04.2018 ж. 112