БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 104

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. жүргізіледі. Бастапқы кезде оқушылар мына тақырыптарда сөйлей білуге үйретіледі: өзі туралы мәлімет беру (аты-жөні, тұрағы, оқитын орны); отбасы, олардың қызмет жайы; достары, өзі тұратын ауылы (қаласы), үйі жөнінде сипаттай білу. Сұрақтар қоя білу, қойылған сұрақтарға жауап беруі, біреуді әңгімеге тарта білуі, айтылған ойға келісуі (не келіспеуі), бір нәрсені қалауы (не қаламауы); амандасу, қоштасу; құттықтай білу (туған күнмен, жаңа жылмен); өтініш жасай білуі, алғыс айта білуі. Бұл айтылған жайттар жөнінде оқушылар диалогті түрде сөйлей білуге дағдыланады. Оқушылар тілдік дағдыларды жақсы меңгерген жағдайда диалогтің кез келген түрінде: оқу-тұрмыстық, өлкетанушылық, қоғамдық-саяси, ғылыми тақырыптардың қайсысында болмасын сұрақ қоя білу, жауап беру, пікір алмасу, әңгімелесу дәрежесіне жетеді [4, 8 б.]. 2-4-сыныптар үшін «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін төмендегідей тапсырма үлгілері берілген: - мәтін бойынша жоспар құру; - мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу; - мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау; - мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу; - ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру; - жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру; - жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»); - берілген тақырып бойынша диалог құрастыру [5, 6-7 б.]. Мысалы: оқулықтағы 61-жаттығуда «Кім немен ойнайды?» өлеңін кезек- кезек түсініп оқып, әрбір оқушы өз түсінгені бойынша айтып берулері керек. Жаттығу оқылым, айтылым дағдысын жетілдіруге арналған. Сұрақтарға ауызша жауап беріп, өз ойын қосып айтады. Бұл жерде ойлауға да тапсырма берілген. Мұғалім оқушылардан тақырыпқа сай басқа сұрақтар қойып, пікір алмастыра алады. - Өлең не туралы? - Өлеңде қандай мамандық иелері туралы айтылған? Тағы қандай мамандықтарды білесің? - Өзіңді келешекте кім болам деп елестетесің? - Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерге назар аударып, н және ң дыбыстарын өзара салыстыру керек [6, 63-64 б.]. Оқушылар қай сөзде ң, қай сөзде н әріпі болатынын ажыратып, айыра алуы қажет. Қосымша сөздерді беріп, түсіп қалған н немесе ң әріптерін тауып қоюға тапсырмалар беруге болады. Осындай жаттығуларды оқушылар орындаған кезде айтылым, оқылым әрекеттері, яғни өз ойларын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, тіл байлығын дамытуға, мүдірмей оқуға үйренеді. Бала тілін дамытып қалыптастыруда өз ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының да тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, аңыз- әңгімелері, мақал-мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары ойнақы, жеңіл тілмен беріледі. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмей, бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілеті мен тілін ұштайды. Оқылым дағдысын қалыптастыру бастауыштан басталады. Осы кезеңде баланың дұрыс оқуы, әрі жылдам, мазмұнды түсіне оқи білуі үлкен еңбектің жемісі. Сондықтан жылдам оқу – оқушы үлгерімінің негізгі факторы. Оқу жылдамдығы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де ақыл-ой еңбегіне ынталығы 103