БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 103

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. естуге үйретіп алулары қажет. Оған сол сөздің айтылуын үйрену үшін 2-3 минутта жеткілікті. Тыңдалымға үйретуде жүргізілетін жұмыс түрлері. 2-4-сыныптар үшін «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында тыңдалым әрекетін дамытуға ықпал ететін төмендегідей тапсырма үлгілері берілген: - тыңдауға, мазмұнын түсінуге түрлі стильдегі мәтіндерді ұсыну; - мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау; - тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою; - тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру, т.б. [5, 7 б.]. Мысалы: 2-сынып қазақ тілі оқулығында берілген 37-жаттығуда Бердібек Соқпақбаевтың әңгімесін тыңдау қажет. Бұл тапсырмада мұғалім мәтінді фильмнің үзіндісінен оқушыларға интерактивті тақтада тыңдатады. Оқушылар мұқият тыңдап, мәтінге байланысты берілген тапсырмаларды ауызша орындайды. Сұрақтар айтылым дағдысы бойынша берілген. 1. Мәтін кім жайлы айтылған? 2. Қожа туралы тағы не білесің? 3. Мәтінге ат қой. 4. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерде қандай дыбыстар өзгеріске ұшыраған деп ойлайсың? деген сұрақтарға жауап берулері керек [6, 55 б.]. Мұнда оқушылар сұраққа жауап бере отырып, Қожаның өмірбаянымен танысады, Қожаның іс-әрекеті арқылы оған мінездеме береді, грамматикалық тапсырма бойынша өзгеріске ұшыраған дыбыстарды (дауыссыз к мен г) айтқанда, жазғанда, естігенде қалай өзгеретінін түсінеді. Оқулықта бұл дыбыстың өзгерісін анықтайтын жаттығулар мен тапсырмалар түрлендіріліп берілген. Сөйлеу әрекетінің әлеуметтік сипатына белгілі лингвист ғалымдар Бодуэн де Куртенэ, де Соссюр еңбектерінде баса назар аударылады. Америка ғалымдары Ч.Осгуд, Т.Сибсок т.б. психолингвистикаға жаңа мағына енгізіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талассыз алмасуын сөйлеудің даму процесі деп түсіндірді. Сөйлеуді игерудің шарттарын қарастыратын үйрету теориясы мен (А.Н. Хомский), бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу (когнитивтік көзқарас) теориясы (Ж.Пиаже) психолингвистиканың дамуына елеулі үлес қосты. Осы салада кеңес ғалымы профессор А.А. Леонтьевтің еңбектері де ерекше орын алды [7]. Психолог Т.Тәжібаев: Ауызша сөз бен жазбаша сөздің арасындағы үлкен айырмашылықтар бар, ол айырмашылықтар балалар тілінде айқын көрінеді,- дей келіп, бұл айырмашылықтардың себебі жазбаша сөздің өзгешелігінде, оның механикалық құрылысының күрделілігінде дегенді айтады. Сонымен қатар, жазбаша сөзде көзбен көріп, есте сақтауға көбірек септігін тигізеді. Жазып сөйлегенде логикалық байланыс күшті сақталады. Ауызша сөздің бағыты да, мазмұны да әңгімелесуші оқушылардың пікіріне байланысты өзгеріп отырады. Айтылым кезінде актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күн сайын жиі қолданылатын сөздер болғандықтан деңгейлік тапсырмалардың барлық түрлерінде кездеседі. Пассив сөздер сирек пайдаланылатын, мән- мағынасын түсінгенмен күн сайын қолданылмайтын сөздер болғандықтан, ол шығармашылық деңгей тапсырмаларында ғана кездеседі. Мәселен, ғылыми- техникалық атаулар, лингвистикалық, фонетикалық т.б. атаулар. Сөйлеудің ерекше бір түрі – жазбаша сөз. Бұл арнаулы әдістер арқылы мектеп қабырғасына келгеннен кейін меңгеріледі. Айтылымға үйретудегі мәтіндердің қызметі. Ауызекі сөйлеу тіліне үйретуде, өтілген грамматикалық жадығаттарды, сөздік жұмысын қолдануда сөйлеудің диалогті, монологті жұмыс түрлері жүргізіліп отырғаны тиімді. Оқытудың алғашқы кезеңінен бастап жоспарлы түрде, мағыналық жағынан тұтас монологті сөйлеуге үйрету жұмыстары 102