БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 102

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. қосалқы ақпараттың мағынасын барынша толыққанды, терең және дәл түсіне алады; түрлі пікірлерді ескере отырып, оқиғаның/әңгіменің мазмұнын болжайды. Айтылым бойынша – оқушылар алдын-ала дайындалған жазбалар мен жоспарды пайдалана отырып, әңгіменің, оқиғаның мазмұнын жеткізеді; оқығаны, естігені жөнінде сұрақтар құрастырады және көзқарасын білдіреді; ұсынылған тақырып пен белгіленген коммуникативтік тапсырма бойынша өзара байланысқан, логикалық жүйеге құрылған хабарламаны құрастырады; қарым- қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени саласында түрлі тілдік жағдаяттарға сай өзінің коммуникативтік ниетін білдіре отырып, диалогқа қатысады. Оқылым бойынша – білім алушы оқу түрлері мен стратегияларын пайдалана отырып, мәтіндерді оқиды; таныс емес сөздері бар мәтіннен негізгі ақпаратты, автордың тұжырымы мен бағасын түсінеді; көркем және көркем емес мәтіндерді ажыратып таниды; алуан түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табады; идеяны, оқиғаларды және кейіпкерлер іс-әрекеттерінің себептерін түсінетінін көрсетеді; сөздіктер мен анықтамалықтарды пайдаланып, таныс емес сөздер мен фразалардың мағынасын анықтайды; қазақ және әлем әдебиетінің көркем туындыларындағы адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды. Жазылым бойынша – білім алушы тыңдалған мәтіннің, оқылған ақпараттың және көрген оқиғаның (тақырыптар, жекелеген деректер, пікірлер) қысқаша жазбаларын жасайды; орфографиялық, грамматикалық және пунктуациялық нормаларды ескере отырып, баяндау (баяндаусыз) сипатындағы мәтіндерді құрастыру үшін тиісті лексикалық бірліктерді пайдаланады» делінген [3]. Тыңдалым – адам баласының тілдік қарым-қатынасқа түсу кезіндегі басты құралдардың бірі. Біз тыңдау арқылы қоршаған орта, ондағы болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттарды ала отырып, тілдік қорымызды байыта отырып, қабылданған ақпаратқа талдау жасап, өз пікірімізді білдіреміз. Қазіргі таңда қазақ тілін оқытуда тыңдау әрекеті (аудиомәтіндер арқылы оқыту, бейнематериалдарды көрсету) арқылы оқыту белгілі бір жүйеге түсіп келеді. Сондықтан тыңдап үйрету жаттығуларын қазақ тілі сабағында жиі қолданған тиімді болмақ. Олар техникалық құралдарды ұтымды пайдалану арқылы іске асады. Тілдік қатысымның экрандық, аудио, визуальдық құралдары адам танымын жақсы әсер ететіні дәлелденіп отыр. Дыбыстық сезім арқылы, көру сезімі арқылы, тыңдау арқылы қабылдау мәселесіне қазіргі зерттеушілер үлкен мән беріп отыр. Мысалы: бейнежазбадан немесе фильмнен алынған үзіндіден алған әсерін немесе ойға түйгенін жазу; жаңалықтар сайтынан тыңдаған материалымен жұмыс істеу, т.с.с. тапсырмалар оқушының ойды тиянақты етіп, байланыстырып жазуына мүмкіндік ашады. Тыңдалым арқылы тілдің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымы үйретіледі. Сондай-ақ, тыңдалым оқу мен жазуды меңгеруді жеңілдетеді. Тыңдалым оқушыларды айтылып жатқан сөзді назар сала тыңдауға үйретеді. Тыңдалыммен бірге, балада есте сақтау қабілеті дамиды. Тыңдалым сөйлеушілердің шынайы сөзін естуге мүмкіндік береді. Тыңдау арқылы түсінуге берілетін аудиомәтіннің тақырыбын таңдау өте маңызды. Әдетте ол материал оқушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктеріне сай таңдалады. Қазіргі таңда қазақ тілін оқытуда оқушылардың тыңдап-түсіну қабілетін қалыптастыру – оқытудағы өзекті мәселелердің бірі. Орыс мектептерінде үйретілетін қазақ тілі сабағында Н.В. Елухина тілді оқытып үйретудің алғашқы сатысында тыңдайтын мәтіннің ұзақтығы 1,5-2 минуттан аспауы керек деген пікір айтса, Н.Н. Пруссаков аудиомәтіннің ұзақтығы тілді оқытып-үйретудің бастапқы кезеңінде-ақ, 3 минуттан кем болмауы керек деген пікірді қолдайды [4, 29-31 б.]. Ең алғашында балалар сөзді түсінбес бұрын, құлақтарын сол сөзді 101