БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 101

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. [1]. Ғалымдар оқушылардың сөйлеу тілі қабілеттерінің қалыптасуы және дамуының бірнеше шарттарын көрсетеді, олар: - ең бірінші шарт ол – қарым-қатынастың қажеттілігі. Демек, өз пікірімен немесе ақпаратпен бөлісу тілегі мен қызығушылығын туғызатын, сөйлеу тілінің ынтасын айқындайтын жағдайларды қалыптастыру керек. - екінші шарт ол – қарым-қатынас ортасын құру. Қарым-қатынас ортасы – бұл ата-аналардың, жақындардың, достардың әңгімелері, көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары, мұғалімнің сөйлеу тілі, оқулықтардың тілі... Жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы, оқыту әдістемесі оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға бағытталған. Бағдарламада оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге басымдық берілген. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» (спиральді) орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды: - белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу); - бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу); - таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу). Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері: - оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды; - әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; - жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады. Спиральді білім беру бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына назар аударады: - оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады; - спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді; - оқушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелу ұсынылады [2]. Оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өту кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын спиральдік қағидатына негізделгендіктен, сыныптан сыныпқа көшу барысында олар тілдік дағдыларды меңгеріп, ауызша, жазбаша қарым-қатынасында сауатты сөйлеуге дағдыланады. Мұғалім оқушылардың қатысымдық дағдыларының жетілуін үнемі бақылап, қолдау көрсетіп отырады. Оқушылардың тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға арналған тілдік тапсырмаларды орындау нәтижесінде, мәселен, «тыңдалым бойынша – оқушылар қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени салалары үшін өзекті аудиовизуалды материалдардың мазмұнын түсінеді; мәтіннің тақырыбын, негізгі идеясын, мәтіндегі басты және 100