БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 100

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. исследования на основе полной зависимости личности ребенка от успеха, достигнутого в обучении. Изучаются психологические эффекты игр в субъекте самопознания. Ключевые слова: моральные ценности, личность, самопознание, самореализация. Ergalieva.G.A., Navieba .Zh. Zh. THE EFFECTIVENESS OF USING THE INTERACTIVE APPROACH OF ACTIVITIES IN TEACHING THE SUBJECT OF SELF-KNOWLEDGE The article discusses how interactive methods can be used to teach self- knowledge in the process of learning self-knowledge, using new ways of learning and ways to develop education and science as a source of spiritual and diverse personality development. Describes basic research based on the complete dependence of the child’s personality on the success achieved in learning. The psychological effects of games in the subject of self-knowledge are studied. Key words: moral values, good personality, self - actuflization *** ӘОЖ 373.3 Хасанова И.У. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Өтемісов атындағы БҚМУ E-mail: [email protected] Біржан Н.С. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты Е-mail: [email protected] БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТАТЫН ТАПСЫРМАЛАР Аңдатпа. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын дамыту жолдары және тапсырмалар жайында сөз етіледі. Әр дағдының өзінің тапсырмалары беріледі. Сол тапсырма арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту болады. Тірек сөздер: сөйлеу тілі, коммуникативтік дағды, тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым, спиральділік қағидат, шиыршық әдісі, жаңартылған оқу бағдарламасы, қарым-қатынас, тілдік тапсырмалар. Бүгінгі таңда білім беруді жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту – заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, табысты болу үшін білім мен дағды керек. Терең, сапалы білімді игерген, сонымен қатар, коммуникативтік дағдылары қалыптасқан оқушы барлық жетістікке жете алады. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы, педагогика ғылымының докторы И.Нұғыманов пен З.Қанқынбаева еңбегінде: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады», - делінген. Сөйлеу тілі – күнделікті қарым-қатынаста пайдаланатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тілі белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікелей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты болады 99