БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 99

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. - - иллюстрациялық; демонстрациялық. Сурет 2 – Оқыту әдістерін таңдау Енді осыларға тоқталып өтсек. Бақылау әдісі арқылы оқушылардың өзін қоршаған өмірге деген қызығушылығын арттып, табиғи және әлеуметтік құбылыстарды талқылауға болады. Сонымен қатар сол құбылыстардың басты ерекшеліктеріне назар аударуға және анықтауға үйретуге болады. Ал демонстрациялық әдіс арқылы оқушының назарын белгілі бір затқа немесе және байқалмаған объектілердің, құбылыстың және процестердің сыртқы сипаттамаларына аударуға болады. Иллюстрациялық әдіс жаңа материалдарды оқытуды қолданған өте тиімді болып табылады. Оқытудың негізгі элементтері сурет 3 көрсетілген. Орта мектепте сабақ өткізгенде төмендегідей әдістерді де ескеру керек: - оқу - танымдық қызметті ынталандыру әдістері; - оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру және енгізу әдістері; - оқу-танымдық қызметтің тиімділігін өздігінен бақылау және бағалау әдістері [11]. Бұдан басқа да оқытудың әдістері көп. Мысалы, М.И. Махмутов оқытудың әдістерін тереңірек зерттеген ғалымдардың бірі. М.И. Махмұтов оқыту әдістерін бірнеше топтарға бөліп сипаттайды. Бірінші топқа кіретін оқыту әдістері: - әңгіме; - сұхбат; - сипаттау; - түсініктеме. Бұл оқыту әдістерінде басты рөлде – мұғалім. Оқушының міндеті мұғалімнің логикасына ере отырып, оның айтқан ақпараттарын есте сақтау, ұсынылып отырған материалдың мазмұнын ұғыну және өтілген 98