БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 98
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Мұғалім әлі білім туралы ақпараттан хабарсыз бала мен білім арасындағы
дәнекерші қызметін атқарады. Мұғалімнің саналы да сапалы білімін
арқасында бала өзіне қажетті білім қорын жинақтайды. Мұғалім шәкіртіне
болашаққа деген дұрыс жолды таңдауға бағыт –бағдар береді және де ол
электронды есептеуіш машина секілді оқыту қызметін ғана атқармай, сол
оқытудың әдіс – тәсілдерін таңдай отырып, оқыту процесін ұйымдастырады
[10].
Сонымен қатар оқыту әдістері дамушы ағзаның анатомиялық және
физиологиялық, биологиялық сипаттамаларына байланысты. Оқушылардың
танымдық
белсенділігін
ұйымдастыру процесінде
олардың
жас
ерекшеліктеріне байланысты биологиялық дамуын ескеру керек, онда оқудың
көптеген компоненттері қамтылған:
-
оқушының еңбекке деген қабілеттілігі;
-
шаршау;
-
шығармашылық жағдайы;
-
физикалық денсаулығы.
Мұғалімдерді толғандыратын негізгі мәселелер мыналар:
-
оқушының білімге деген қызығушылығын тұрақты түрде дамыту;
-
оқушының білімді өз беттерімен іздеуге дағдыландыру.
Осы мәселелер баланың мотивациялық және қажеттілік жағдайына
қарайөз шешімін табады. Бастауыш мектеп оқушы «өзі үшін оқу қажет»
деген қағаданы әлі түсінетін жаста емес. Кейде олар жақсы баға үшін, кейде
мақтау сөз үшін, кейді сыйлық алу үшін оқиды. Бірақ осы әдістердің кез-
келгені бір күні аяқталары анық. Сондықтан, мұғалім оқушының танымдық
қызығушылық негізінде оқытудың ынталандыруы әдісін ұйымдастыру керек.
Бала өз іс –әрекеттерін жақсы көруі керек ол әрдайым қолжетімді болуы
шарт. Оқыту әдістерін жан –жақты саралап таңдау қажет және ол сурет 2
көрсетілген.
Көп жағдайда мұғалім оқушыларға тапсырма берер алдында, олардың бұл
тапсырмадан хабары бар ма, жоқ па екендігін және олардың бұл тапсырманы
өз бетінше орындай алу мүмкіндіктерін сұрайды. Оқушылар тіпті өз бетінше
шешім қабылдаудан бас тартса да, мұғалім оқушыларға логикалық сұрақтар
қою арқылы олардың дайын білімін бірден бермесе де қорытындыға
жеткізуге тырысуы керек.
Орта мектепте оқушыларды оқыту кезінде мынадай оқытудың әдістері
мен формалары қолданылады:
-
диалогтар;
-
топтарда жұмыс істеу;
-
ойын методикасы;
-
ақпараттық минуттар;
-
эвристикалық тәсіл және т.б.
Сондай-ақ есте сақтауды, ойлауды, қиялды дамытуға үлес қосатын
көрнекі оқыту әдістерін ұмытпаған жөн. Оқытудың көрнекі әдістері деп оқу
процесіндегі оқу материалын меңгертуде қолданылатын көрнекі құралдар
мен техникалық құралдардыңжиынтығын айтамыз. Көрнекі құралдароқу
материалын көрнекі түрде түсінуге әсер етеді және оқушылардың ой-
пікірлерінің мазмұны мен құрылымын айқындайды. Көрнекі оқыту әдісі
мынадай түрлерге бөлінеді:
-
бақылау;
97