БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 97
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Сонымен қатар, компьютер - оқытудың тиімділігін арттыру үшін
қолданылатын құралдардың бірі.
Көптеген адамдар компьютер арқылы алған білімдерінің нәтижесінде
былай қорытынды жасайды:
- компьютермен жұмыс істеу дағдыларын меңгерген балалар өмірге бейім
келеді;
- әлемдегі материалдық әл-ауқатты өзгеретуге дағдыланады.
Компьютердің берер мүмкіндігі өте зор. Олар:
-
оқушының мотивациясын нығайтады;
-
оқуға деген қызығушылықты арттырады;
-
қиын тапсырмаларды реттеуге;
-
дұрыс шешім қабылдауға және т.б.
Компьютер білімге қатысты да біраз мәселелерді шешуге ықпал етеді:
-
сәтсіздік;
-
түсінбеушіліктен туындаған мәселелер;
-
білімдегі елеулі кемшіліктер.
Оқушы компьютерде жұмыс істеу барысында өзіне қажетті көмекке
сүйене отырып, мәселенің шешімін табуға мүмкіндік алады.
Компьютердің мүмкіндіктері:
-
оқу процесін басқару жолдарын өзгерту;
-
ойын түрінде балаға ақпаратты жеткізу;
-
балаларға нақты бір көмек көрсету;
-
оқу материалдарын шынайы, әдемі графикамен безендіруге және т.б.
Сонымен қатар компьютер оқушыларға өз ойларын ашық түрде жеткізе
алу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі және оқушы өз әрекеттерінің
нәтижесін көре алады.
Компьютерлік технологияны орта мектепте қолдану сабақты тартымды
және шын мәнінде заманауи етіп көрсетеді, оқытуды жекелендіру арқылы,
оқушының білімін бақылау мен бағалау объективті түрде әрі уақтылы жүзеге
асырылады.
Ойын түрлерін сабақта қолдану жаңа материалдарды қорытындылау үшін
қолданылады және пәннің негізгі әдістерін көрсетуге бағытталады [8].
Қазіргі таңда педагогикалық ғылымда және мектептегі практикалық
оқытуда туындап отырған ең негізгі мәселелердің бірі – ол оқыту әдістерін
дұрыс таңдау. Әсіресе бұл орта мектепке қатысты болса, онда оқыту
әдістері- оқытудың ең негізгі құралы болып табылғандықтан оқыту әдістерін
барыншы тиімді етіп таңдау қажет. Оқыту әдістері мыналарды
қалыптастыруға ықпал етеді:
-
мұғалім оқушыларды білім нәрімен қамтамасыз етеді;
-
оқушылардың танымдық қабілетін дамытады;
-
жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді;
-
ғылыми көзқарас қалыптастырады.
Оқыту әдістерін дұрыс таңдау баланың біліміне, пәнге деген
қызығушылығына әсерін тигізеді [9].
Оқытудың тиімділігі мен нәтижелілігі әдістерге байланысты.
Оқытушының шығармашылығын, оның жұмысының тиімділігін, оқу
материалын меңгеруін және оқушылардың жеке ерекшеліктерін
қалыптастыруды оқыту әдістері анықтайды.
96