БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 100

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. материалдарды уақыт өте ұмытпау. Ауызша оқыту әдісі мұғалімнен мыналарды талап етеді: - логикалық ойлауын дамытуды; - түсініктемелердің дәлдігін; - материалдың сенімділігін; - көрнекті презентация жасауды; - әдеби тілде дұрыс сөйлеуді. Екінші топқа кіретін оқыту әдістері: - жаттығулар; - өздік жұмыстары; - практикалық жұмыстар; - бақылау жұмыстары. Сурет 3 – Оқытудың негізгі элементтері. Орта мектептерде балаларды оқытуда әртүрлі ережелер жиынтығы мен нұсқаулар қолданылады, сондықтан осы жастағы балалардың ойын теориясы арқылы алгоритмдік түрде ойлауын дамытуға болады. Ойын теориясын білімді неғұрлым тереңірекигеруге ғана емес, сонымен қатар компьютерлік әлемге деген баланың қызығушылығын арттыру мақсатында қолдануға болады. Орта мектепте «Ойын технологиясын» қолдану төмендегідей мүмкіндіктер береді: - балаға мәселені талдауды үйрету; - іс –әрекеттерді жоспарлауға баулу; - оның нәтижесіне жетуге талпындыру. Жұмыстың барлық кезеңдерінде олардың іс-әрекеттерінің дұрыстығын қадағалау және де қателіктер жіберген жағдайда оларды түзету, яғни бұл оқушының оқу және тәрбиелік жұмысында және болашақта өз 99