БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 95
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
- технология белгілі бір әдіснамалық және философиялық ұстанымына
негізделген автордың педагогикалық тұжырымдамасы
(білім мен
дағдыларды беру технологиясы, педагогиканы дамыту технологиялары
арасындағы айырмашылық);
- іс-әрекеттердің, операциялардың, байланыстың технологиялық тізбегі
және мақсаттарға негізделген белгілі бір күтілетін нәтиже түрі;
- технологияның жұмысы оқытушы мен оқушының өзара іс-қимылын
шарттық негізде, даралау мен дифференциация қағидаларын ескере отырып,
адамның және техниканың мүмкіндіктерін оңтайлы іске асыру, диалогты,
коммуникацияны пайдалану;
- кезеңдік жоспарлау және педагогикалық технология элементтерін жүйелі
түрде іске асыру, бұл
бір жағынан, кез-келген мұғалімнің
жұмысынжеңілдетуі тиіс, ал екінші жағынан барлық оқушылар жоспарланған
нәтижелерге жетуіне кепілдік беруі тиіс;
- білім беру технологиясының ажырамас бөлігі болып табылады [5].
Қазіргі заманғы орта мектепте баланың тұлғасы мен оның қызметі бірінші
кезекте тұр. Сондықтан, орта мектепте көп қолданылатын ең заманауи
технологияларды келесі суретте атап көрсетеміз (1 сурет).
Сурет 1 – Орта мектепте көп қолданылатын жаңа ақпараттық
технологиялар
Пәндерді оқытудағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
(АКТ).Оқу процесінің мазмұны бойынша АКТ-ны енгізу әртүрлі пәндік
салаларды компьютерлік ғылыммен интеграциялауды қамтиды, бұл
оқушылардың санасын ақпараттандыруға және қазіргі қоғамдағы
94