БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 94

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. құралдары. Педагогикалық процесті ұйымдастырудағы әдістемелік құрал болып табылады. Ал Беспалько В.П. былай деп анықтама берген: «Педагогикалық технологиялар» - оқу процесін жүзеге асырудың маңызды әдістемесі. Волков И.В. «Педагогикалық технологиялар» - жоспарланған оқу нәтижелеріне жету процесінің сипаттамасы деген болатын. «Педагогикалық технологиялар» – білім беру нысандарын (ЮНЕСКО) оңтайландыруға бағытталған техникалық және адами ресурстар мен олардың өзара әрекеттесуін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің барлық процесін ұйымдастыру, қолдану және анықтаудың жүйелі әдісі [2]. «Педагогикалық технология» түсінігі үш аспектімен ұсынылуы мүмкін: - ғылыми: педагогикалық технологиялар педагогикалық ғылымның бір бөлігі және мақсаттар-міндеттердің зерттеу және дамыту, білім мазмұны мен оқыту әдістерін ұйымдастыру және педагогикалық процестерді жобалау; - сипаттамалық: процестің сипаттамасы (алгоритмі), жоспарланған оқу нәтижелеріне жету үшін мақсаттардың, мазмұнның, әдістер мен құралдардың жиынтығы; - тиімділік: технологиялық (педагогикалық) процесті жүзеге асыру, барлық жеке, аспаптық және әдістемелік педагогикалық құралдардың жұмыс істеуі [3]. Осылайша, педагогикалық технологиялар оқытудың ең ұтымды әдістерін зерттейтін ғылым ретінде, сондай-ақ оқытуда қолданылатын әдістер мен қтәсілдер жүйесі және нақты оқу процесі ретінде жұмыс істейді. «Білім беру технологиясы» - оқушылар мен мұғалімдердің нақты нәтижелерге жету үшін білім беру процесін жобалау (жоспарлау), ұйымдастыру, бағыттау және түзетудегі бірлескен іс-әрекеттерінің жинақталған жүйесі. «Білім беру технологиясының» анықтамасын түсіндіріп өтсек. Біріншіден, ол мұғалім мен оқушылардың бірлескен жұмысының көрсеткішін білдіреді, бұл бағдарламаны түпкілікті нәтижелерге жетуі оқушының оқыту бағдарламасын қаншалықты меңгергендігін байқатады. Нақты айтқанда, оқушыны субъект ретінде қалыптастырып, оның қызметінің түпкілікті нәтижелері менжетістіктерін анықтаймыз. Екіншіден, жоғарыда айтылған анықтамада оның білім беру қызметін оқушыны басқарудың толық циклі жазылады.Осыған байланысты, білім беру технологиясы оқушыларды өзін-өзі басқаруды оқытуға арналған. Үшіншіден, анықтамада айтылған білім беру процесінің субъектілерінің іс-әрекеттері үшін бірінші кезекте мұғалімдердің, оқушылардың жеке қызметін енгізу және дамыту үшін жағдайларды жасау және құру үшін қолайлы жағдайлар басты назар аудару [4]. Әртүрлі технологияларды сипаттайтын кезде «білім беру» және «педагогикалық» сияқты ұғымдарды зерттеу барысында авторлар бірінше кезекте әдебиет көздеріне шолу жасарда, білім берудің жаңа технологияларын қарастырады. Қазіргі уақытта жаңартылған бағдарлама негізінде білім беретін мектептерде әртүрлі инновациялық технологияларды пайдаланады.Педагогикалық және білім беру технологиясының барлық түрлерінен біз заманауи технологияларға назар аударамыз. Сонымен білім берудегі жаңа технологияларға сипаттама берсек: 93