БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 93
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
компьютерлік әлемге деген баланың қызығушылығын арттыру мақсатында
қолдануға болатындығы айтылған.
Орта мектепте «Ойын теориясын» қолдану төмендегідей мүмкіндіктер
береді: балаға мәселені талдауды үйрету; іс-әрекеттерді жоспарлауға
баулу; оның нәтижесіне жетуге талпындыру.
Жұмыстың барлық кезеңдерінде олардың іс-әрекеттерінің дұрыстығын
қадағалау және де қателіктер жіберген жағдайда оларды түзету, яғни бұл
баланың оқу және тәрбиелік жұмысында және болашақта өз тәжірибесіне
қажет болатын дағдылардың кең ауқымын қалыптастыруға бағыттау
жұмыстары жүргізілген.
Егер де оқыту процесінде ойын теориясын қолдансақ, онда ол бастауыш
мектеп оқушыларының логикалық ойлауын дамытады және сондай-ақ
информатикадағы жалпы білім деңгейін көтеруге ықпалын тигізетіндігі
айтылған.
Тірек сөздер: жаңартылған бағдарлама, педагогикалық технологиялар,
технология, білім беру технологиясы, ойын технологиясы.
Қазіргі уақытта еліміздегі білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер орын
алып жатыр.Бұл өзгерістер білім берудің теориялық-практикалық және
тәрбие берудегі процесіне ықпал етуі мүмкін. Білім беру жүйесін жаңғырту –
білім берудің мазмұнын және мұғалімнің педагогикалық әдіс – тәсілдерін
өзгертуіне алып келді.
Бүгінгі күні еліміздің білім берудегі педагогикалық процесті таңдауға
және жасауға, соның ішінде авторларға мүмкіндік беретін өзгермелілік
принципін жариялауға мүмкіндік берді.Білім берудің бұл бағыты мынадай
процестердің жүргізілуіне ықпал етті:
- білім мазмұнының әртүрлі нұсқаларын әзірлеу;
- білім беру құрылымдарының тиімділігін арттыруда заманауи
дидактиканың мүмкіндіктерін пайдалану;
- ғылыми және жаңа идеялар мен технологияларды практикалық түрде
негіздеу.
Мұндай жағдайларда оқытушы заманауи инновациялық технологияларды,
идеяларды қолдана алуы қажет. Қазіргі күні білім беру технологиясының кең
ауқымын меңгермей, сауатты да, бәсекеге қабілетті білікті маман болу мүмкін
емес [1].
Қолданыстағы педагогикалық технологиялардың жиынтығын, яғни
мектептің даму тұжырымдамасына және педагогикалық стратегияның негізгі
бағыттарына сәйкес келетін таңдаулы және ақпараттандырылған
«педагогикалық технологиялар» және «білім беру технологиясы» ұғымының
заманауи түсіндірілуінің маңызды сипаттамаларын түсіну қажет.
Ең алдымен, «технология» ұғымына тоқталып өтсек.
«Технология» - кез келген бизнесте, шеберлікте, өнерде қолданылатын әдістер
жиынтығы.
Енді «педагогикалық» және «білім беру» технологиясының ұғымына
мүмкіндігінше анықтама берсек. «Педагогикалық технология» ұғымын ерте
заманнан бері ғалымдар зерттеген. Солардың бірі – Б.Лихачев. Оның
айтуынша «Педагогикалық технологиялар» - бұл психологиялық-
педагогикалық әдістер және оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдері, оқу
92