БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 90

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. 6-мысал. Банктің жылдық өсімі 30% болса, екі жылда 845 000 теңгеге жетуі үшін бастапқы салым қандай болуы тиіс? Шешуі: 2 30   845000   1    S  S  500000  100  Жауабы: 500 000 тг. Мұндай экономикалық мазмұндағы есептерді математикада шығарып үйрету оқушылардың экономикалық сауаттылығын дамытып, тұлғалық құзыреттілік аясын кеңейте түсері анық. Келтірілген мысалдарға ұқсас есептер әр сыныпта кездеседі. Біз солардың ішінен жиі ұшырасатынын және оқушылардың мазмұндық есепті шығаруға қиналатынын іріктеп көрсеттік. Қорыта келгенде, математиканы оқыту үрдісінде мектеп оқушыларына білім берудің мақсаты осы заманғы тіршілік құрылымын танудан, ондағы өз орнын сезінуден, экономикалық мәдениеттің ережелерін меңгеруден, тиісті іс- әрекет дағдыларын ұштаудан құралады демекпіз. Ойымызды түйіндесек, оқушыларға экономикалық білім беруде математика курсының оқу пәні ретіндегі мүмкіндігін көтеру үшін жүзеге асыру қажет: - мектеп оқулықтарында дәстүрлі экономикалық бағыты бар мәтіндік есептерді шешу барысында мәтінде кездесетін экономикалық терминдерді түсіндіруден, экономикалық шамалардың өзара байланысын анықтаудан тұратын және алынған шешімнің нақты жағдайға сәйкестігін беретін тиісті әдістемені басшылыққа алу; - математика сабақтарында оқушыларды негізгі экономикалық мәселелермен есеп мазмұны арқылы таныстыру; - мемлекет меншігіне ұқыпты қарау, қоғам өмірінде дұрыс бағыт алу үшін соған сәйкес мазмұны бар арнайы есептер, тапсырмалар жинағын пайдалану. Әдебиеттер: 1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы: әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 41 б. 2. Артемов А.К. Методологические основы методики формирования математических умений школьников / Диссертация на соискание ученой степени доктора педагогических наук. – Пенза, 1985. – 210 с. 3. Любичева И.Ф. Экономическое направление и воспитание в условиях усиления практической направленности обучения математике (4-8 классы) / Диссертация на соискание ученой степени кандидата педагогических наук. – М., 1985. – 139 с. 4. Терешин Н.А. Прикладная направленность школьного курса математики. – М.: Просвещение, 1990. – 96 с. 5. Шапиро И.М. Использование задач с практическим содержанием в преподавании математики: книга для учителя. – М.: Просвещение, 1990. – 96 с. 6. Беляев Э.С. Система факультативных курсов «Математические методы в экономике» / Диссертация на соискание ученой степени кандидата педагогических наук. – М., 1972. – 188 с. 89