БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 86
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
экономикалық ойлауды қалыптастыру негізінде экономикалық білімді
дамытуды жолға қояды.
Оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыратын негізгі пәндердің
бірі – математика. Экономикалық білім мен тәрбие беру міндеттерін іске
асырудағы математиканы оқып үйренудің маңыздылығын бірқатар
әдістемелік еңбектерде баса айтылған [15; 16]. Экономикалық білім мен
тәрбиені жақсарту оқушылар бойында идеялық, өз еліне ие болу сезімі,
еңбекке адамгершілік қатынасты, белсенді өмірдің бет-бейнесін
қалыптастырудағы маңызды факторлар екендігін атап көрсетілген.
Экономикалық мәдениетке ие болу адамның жан-жақты дамуына негіз
болатыны байқалады.
Е.В. Винокуровтың пікірінше: «экономика негізінен, сапалық өлшемі бар
шамалармен (экономикалық көрсеткіштермен) және олардың функционалдық
байланыстарымен (есеп айырысу формулалармен немесе экономикалық
заңдармен) жұмыс істейді. Қазіргі экономика – нақты ғылым. Бұдан
экономикалық білім негіздерін оқыту әдістемесінің жаратылыстану пәндерін
оқыту технологиясымен ортақ жақтары болуы әбден мүмкін, ол
математиканы оқыту әдістемесімен де ұқсас болуы тиіс деген тұжырым
жасауға болады. Экономика сабақтарында математикалық есептерді кең
қолдану тиімді» [17].
«Математика бағдарламасын талдай келе, онда экономикалық мазмұндағы
тақырыптардың басымдығын байқауға болады. Олардың
дербес мән-
мағынасы бар, өйткені олар әрі математиканың абстрактілі ұғымдары әр
түрлі экономикалық пәндердің (макро және микроэкономика, бухгалтерлік
есеп, қаржы және несие және т.с.с.) нақты ұғымдарымен байланыстыратын
әдістеме қызметін атқарады. Бұл жерде бюджет желісі – сұраныс және
ұсыныс қисығы, тепе-теңдік құны, шектік пайдалылық және т.б. маңызды
экономикалық ұғымдардың көпшілігі функция, туынды, логарифмдік
функция және т.с.с. математикалық стандарттық ұғымдардың талдауының
нақты мысалдары болады», - деген пікір айтады О.Д. Юнеева [9].
Математика сабақтарында экономикалық мәселелерге назар аудару елдің
экономикалық жүйесіндегі коммерциялық қызметпен және басқа да шағын
кәсіпкерліктермен қарым-қатынастар жасауға мүмкіндік туғызады. Жасалған
талдаулар негізінде экономикалық білім мен тәрбие беру математиканы
оқытуды идеялық және практикалық бағытын күшейтудің маңызды факторы
болып табылады. Соңғы жылдары мектептегі математика курсындағы
өзгерістер бұл пәннің өмірмен байланысын күшейтуге жол ашты.
Экономикалық проблемаларға күнделікті іс-тәжірибе тұрғысынан келіп,
мақсатты түрде экономика мәселелеріне негізделген математикалық есептер
арқылы осы мәселелердің шешіміне көздерін жеткізіп, практикалық
маңыздылығын түсіндіріп, ахуалдарды математикалық әдіс-тәсілдермен
шешуді іс-тәжірибелер арқылы үйретеді. Тіптен, аса күрделі емес
экономикалық фабулаларға негізделген мазмұнды есептерді математикалық
түсініктер мен алгоритмдерге негіздеп өзінше пайымдату арқылы сәтті
пайдаланып, оқушылардың математикалық білімдерін сапалы түрде бекітуге
жол ашуға болады.
Мектеп оқулығында кездесетін экономикалық мазмұнды есептерді шешу
әдістерін қарастырайық:
Жұмысқа және еңбек өнімділігіне байланысты есептер
85