БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 85
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
деңгейлеріндегі математика пәнінің мазмұнына әрекеттік сипаттағы
білімдерді кіріктіру қажет:
- анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеу құралдарын
пайдаланып, дәрежені, түбірді табу, логарифмдер мен тригонометриялық
функцияларды қамтитын формулалар бойынша практикалық есептерді шешу;
- қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;
- нақтылы тәуелділіктерді функцияның көмегімен сипаттау және зерттеу,
экономикалық және басқада қолданбалы сипаттағы математикалық есептерді
шешу [1].
Мектептегі математика курсының экономикалық бағдарына қатысты
мәселелермен А.К. Артемов, В.Ф. Любичева, Н.А. Терешин, И.М. Шапиро,
В.В. Фирсов және т.б. айналысқан, ал факультативтік сабақтарда
экономикалық есептеулерге математиканы қолдану арқылы оқушылардың
экономикалық сауаттылықтарын арттыру мәселелері Э.С. Беляев және т.б.
еңбектерінде қамтылады [2; 3; 4; 5; 6].
С.Гараев, Н.Б. Мельникова, О.Д. Юнеева және т.б. ғалымдардың
диссертациялық зерттеулері математика сабақтарында экономикалық білім
мен тәрбие беруге арналған [7; 8; 9].
Қазақстанда математика сабақтарында экономикалық білім мен тәрбие
мәселесі Е.К. Есенжолов, Л.Ла, М.С. Жанбөбекова, Р.А. Садвакасова,
Г.Р.
Кощанова
және
т.б.
ғалымдардың
ғылыми-зерттеулерінде
қарастырылған [10; 11; 12; 13; 14].
Ғылым негіздерін оқыту үрдісінде оқу бағдарламаларының экономикалық
әлеуетін жүзеге асыру – оқушылардың функционалды сауаттылығын
қалыптастыру жұмыстарының маңызды бағыты.
Мектепте оқушыларға экономикалық білім беру екі сатыға бөлінеді:
- мектепте берілетін әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси
білімге сүйеніп, оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыру;
- оқушылардың қалыптасқан экономикалық ойлауы негізінде
экономикалық білімін дамыту.
Сатылап оқыту бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші саты оқытудың екі
кезеңінен тұрады:
Бірінші кезеңде (1-4 сыныптар) экономикалық ойлаудың бастапқы
қалыптасуы жүзеге асады. Алғашқы экономикалық мәліметтерді және
тәжірибелерді игереді. Бастауыш сыныптарға араналған оқулықтарды, оқу
бағдарламаларын, әдістемелік оқу құралдарын және жүргізілетін тәрбие
жұмыстарының мазмұнын талдау және оларды жас ерекшеліктерін ескере
отырып, саралау негізінде экономикалық тәрбие берудің тиімді жолдарын
белгілеуге және жүзеге асыруға болады.
Екінші кезеңде 6-7 сыныптарды экономикалық білім кеңейіп, тереңдей
түседі, ал 8-9 сыныптарда бұл білімнің, дағдылардың бастапқы жүйесі
тәжірибе жүзінде дамуын жалғастырады. Бұл сыныптарда экономикалық
ойлауды қалыптастыратын негізгі пәндер – математика, биология, география,
тарих және т.б.
Экономикалық білім берудің екінші сатысын оқушыларды оқытудың
үшінші және төртінші кезеңдері құрайды.
Үшінші кезең (10-11 сыныптар) жүйелі экономикалық білім беру және
оның негізінде экономикалық ойлауды қалыптастыруды, ал төртінші кезең
84