БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 84
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
attractive, accessible to children's perception. Creativity Y. Altynsarin contributes
to the moral development of the individual, the formation of their worldview,
education of love of country. The authors tried to make an analysis of the work of
an outstanding teacher.
Keywords: worldview, education, education, morality, art, example.
______________________________________________________
ӘОЖ 371.851:33 (043.3)
Кощанова Г. Р. – педагогика ғылымдарының кандидаты,
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
және инжиниринг университеті доценті
E-mail: [email protected]
Медешова А.Б. – педагогика ғылымдарының кандидаты,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ доцент
E-mail: [email protected]
Мамаева В. А. – жаратылыстану ғылымдарының магистрі,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
E-mail: [email protected]
ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ
МАТЕМАТИКА КУРСЫНЫҢ ПӘН РЕТІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
МҮМКІНДІГІ
Андатпа. Бұл мақалада экономика мен математиканың пәнаралық
байланысы ғана емес, мектеп оқушыларына экономикалық білімді
математиканы оқыту арқылы меңгерту мәселесі қарастырылады. Тақырып
бойынша ғылыми зерттеулер зерделенеді. Қазіргі педагогикалық жүйеде
тұлға құзыреттілігін қалыптастырудың мүмкіндігі ретінде математиканы
оқыту барысында экономикалық білім мен тәрбие берудің әдістемелік
жағдайлары ұсынылады. Атап айтқанда, математика сабақтарында
оқушылардың жалпы математикалық функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру үшін адамның күнделікті өмірінде туындайтын
практикалық мәселелерді шешу үшін экономикалық сипаттағы міндеттерді
математиканың мазмұнына кіріктіруге, экономикалық идеяларды білуге,
алған білімдері мен дағдыларын өмірде тиімді пайдалануды үйренуге
болатындығы баяндалады.
Тірек сөздер: оқушы, функционалдық сауаттылық, экономикалық тәрбие,
математикалық білім, есеп шығару әдістері, оқыту тісілдері.
Бүгінгі таңда экономикалық білім беру – кәсіби білімнің ең танымал
бағыттарының бірі. Экономика, менеджмент және кәсіпкерлік саласындағы
білім адам қызметінің түрлі салаларында, өз елінің лайықты азаматы болуға
ғана емес, сонымен қатар қазіргі жаһандық қоғамдастықта табысты болуға
қабілетті адамды қалыптастыру үшін қажет.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және оны
тексеру құралы шығармашылық сипаттағы экономикалық мазмұндағы
тапсырмалар
болып
табылады.
Оқушылардың
математикалық
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыру
үшін
білім
беру
83