БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 81
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Оқуменен табылған [5, 6 б.], - деп балаларды оқуға, білімге шақыра
отырып, ғылым-білімнің бала дүниетанымының қалыптасуына қажет екенін
аңғартады.
Ұлағатты ұстаз «Өнер-білім бар жұртар» өлеңінде оқу-мәдениет жағынан
артта қалған өз еліне «тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден
көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын» озық мәдениетті
елдерді үлгі-өнеге етеді.
Табиғат – адам баласының өмір сүретін ортасы. Оны әлемнің классик
ақындарының бәрі де жырлаған, Ыбырай да өзінше жырлаған.
Бастауыш сынып оқушыларын табиғат сұлулығына тамсандыра отырып,
мәдениеті мен дүниетанымын дамытатын туған өлкеге, өскен елге деген
сүйіспеншілігін арттыруда Ыбырайдың «Өзен», «Жаз» өлеңдерінің орны
ерекше.
Ақын «Жаз» өлеңінде жерді көк майса шалғын басып, дүние гүл жайнап,
оның хош иісі адамды рахатқа бөлеп жатқан ең бір әсем кезеңі – көктемнің
тамаша көрінісін жасайды.
Сәуірде алуан-алуан жауар нөсер,
Нөсердің қуатымен жер шөбі өсер.
Көкорай дүние жүзі шалғын болып,
Мал, айуан, адамзат бауырын төсер.
Жән-жәндік рахат тауып тұру үшін
Ұшпақтан қош иісті желдер есер, -
деп табиғат кестесін мал баққан шаруаның тұрмысымен ұштастыра,
көшпелі елдің өміріне сай суреттейді. Өлеңде табиғат, адамзат пен жан-
жануарлар, аң мен құстардың тіршілігіндегі үйлесім сөз болып, табиғаттың
адамдар мен жан-жануарларға тигізер әсері бейнелі сөз айшықтарымен
суреттейді. Оны ақынның «қыстаудан ел шығады алуан-алуан», «күлісіп,
құшақтасып әзіл етер», «жүгіріп киік, құлан тау мен қырға, қуанып
ықыласпен келген жылға» деген бейнелі сөздерінен байқауымызға болады.
Ақынның «Жаз» өлеңін оқыта отырып, жас ұрпақтың көңілін табиғаттың
әсем келбетіне аудару арқылы өз елін, туған жерін сүюге, отансүйгіштік
сезімге тәрбиелеп, дүниеге деген көзқарастарын кеңейтіп, дүниетанымын
арттыруға болады.
Ақын «Өзен» өлеңінде:
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстықсоқса бәр қалыпта.
Аралап тау мен тасты арқыраған, - деп, табиғат суретін тамаша бейнелей
келе:
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады,
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады, - деп, табиғат пен адам өмірінің
байланысын, бүкіл тіршілік иесі мен табиғаттың біртұтастығын суреттейді.
Суға толы өзеннің ағысы өмір сырын бейнелеп, өзеннің тынымсыз ағып,
адам, жан-жануар біткенге өмір нәрін ұсынатынын арқау етеді.
«Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Әке мен бала»,
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Сәтемір хан» тағы басқа әңгіме-
новеллаларында табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам өміріне,
80