БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 80

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. қазына қалдырған даламыздың дара ұстазы Ыбырай Алтынсарин өзінің бүкіл өмірін балалардың дүниетанымын қалыптастырып, жетілдіру мен халық ағарту ісіне арнаған. Ыбырай Алтынсарин туындылары ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап түрлі баспасөз беттерінде талқыланды. Қазан төңкерісіне дейін үш рет жеке кітап болып жарияланды. Ағартушы-педагогтың еңбектері туралы зерттеу жұмыстары жарық көргені белгілі. Ыбырайдың ағартушылық-педагогтік ой-пікірлері, негізінен туған халқының болашағы мен қабілетіне деген сенімнен нәр алған. Ыбырай: «Қазақ халқы - қарапайым, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халық», «Қазақ халқы - қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз», «Қазақ халқы деген оқу-білімге сусап отырған халық» [4, 213 б.], - дейді. Сондықтан Ыбырай өз халқын оқу-білімге баулып, оның дарынын ашуды өзінің басты мақсаты етіп алады. Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық және әдеби-педагогикалық қызметін анықтауда оның 1879 жылы жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» атты еңбегі ерекше орын алады. «Қазақ хрестоматиясы» - өз дәуіріндегі қазақ халқының тарихи-мәдени ескерткіші. Ыбырай бұл кітапты орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқулық етіп ұсынған. Кітапты құрастыруда сол кезде өзі білген, пайдаланған оқулықтардың ең тәуір үлгілерін басшылыққа ала отырып, оқу материалдарын бастауыш мектеп балаларының жас ерекшелігіне лайықтап, олардың дүниеге дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, дамытатын, тәрбиелік мәні бар шығармалардан іріктеген. Ұлы педагог әдебиетті бала санасына әсер ететін, оның дүниетанымын қалыптастыратын құрал деп санады. Сондықтан да оның бүкіл әдеби мұрасы ағартушылық идеясына бағынғанын айқын көреміз. Оның «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгіме-новеллалары, өлеңдері баланың ұғымына лайықты, тілі жеңіл, мазмұны тартымды, кіші мектеп жасындағы балалардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге бағытталған. Онда балаларды өнер- білімге, оқуға, еңбекті сүюге, елін, жерін сүйетін отаншылдық сезімге, жігерлі, кішіпейіл, талапты болуға үндейді. Ыбырай Алтынсарин шығармалары аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал- мәтел, қанатты сөздерді орынды қолдануымен ерекшеленеді. Бүкіл ғұмырын ағарту ісіне арнаған тұңғыш педагогтың «Қазақ хрестоматиясына» енген өлеңдерінде халық ағарту идеясын көтереді. Оның «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері оқу, білім алудағы мақсат неде екенін, білімнің дүниетанымдық маңызын көрсетеді. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінде балаларды оқуға, білім алуға шақырады, өлеңнің әр шумағында оқудың пайдасын әр жақты түсіндіре келе: Сиса көйлек үстіңде Тоқуменен табылған Сауысқанның тамағы Шоқуменен табылған Өнер-білім бәрі де 79