БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 79
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Дүниетаным ғылыми білімдердің жүйесіне негізделеді. Дүниетанымның
қалыптасуы күрделі үдеріс болғандықтан оны баланың кішкентай кезінен
бастап жүзеге асырудың маңызы зор.
Бастауыш
сынып
оқушыларының
ғылыми
дүниетанымын
қалыптастырудың маңызды алғы шарттарының бірі – нақты деректерге
негізделген білімді меңгеру. Ғылыми дүниетанымның негізделетін
фундаменті ғылыми білім екенін білеміз. Ғылыми білім жеке тұлғаны
қалыптастырудың және дүниені танып білудің тірегі болып табылады. Білім
неғұрлым ғылыми, терең, нақты деректерге негізделген болса, соғұрлым
оқушының табиғат пен қоғам дамуының объективтік заңдылықтары туралы
түсінігі жинақталып, объективтік дүние құбылыстарын ғылыми тұрғыдан
түсінеді. Білім объективті дүниені бейнелейтін адам баласының мол
тәжірибесі. Білім арқылы адам табиғаттың, қоғам құбылыстарының
объективті жақтарын зерттеп, түсінеді. Бұл жайлы С.М.Торайғыров бізді
қоршап тұрған дүние сыры мол, үлкен дүние, бірақ оны тануға әбден болады
деп, мұнда ғылымның алатын орнын ерекше екендігін былайша түйеді:
Зерттесе де адамға білмейтін ғып,
Дүние ешбір сырын жасырмаған…
Әлемдегі терең сыр
Ғылыммен ғана ашылмақ.
Қазіргі таңда мемлекетіміздің алдында біртұтас білім кеңістігін
қалыптастыру міндеті тұр. Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқушыларға
тек белгілі бір білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларда адамзаттық
позицияларды, құндылық бағдарды дамытатын дүниетанымды қалыптастыру.
Дүниетанымды қалыптастыру өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеудің,
қиындықты жеңе білуде дайын болуға тәрбиелеудің қажетті шарты болып
табылады.
Бүгінгі нарықтық заманда дүниетаным мәселесі – білім берудің ең
жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр. Еркін елдің ертеңгі кемеңгерлерін
ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын
сақтап, олардың дүниетанымының жан-жақты болуына жағдай жасау
қажеттігі туып отыр.
Жас ұрпақ санасына туған халқының дүниетанымына деген құрметпен
қарап, мақтаныш сезімін оятып, ұлттық рухты сіңіру, тарихы мен өнерін
қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту өмір талабы болып отыр.
Адамның дүниетанымының негізі, рухани әлемінің бастауы саналатын
ана тілін заман талабына сай қоғам сұранысымен үндестіре оқыту оқушының
дара тұлғалық қабілеттерін жан-жақты дамытатын сөйлеу мәдениетін
меңгертуге келіп тіреледі. Өйткені өмірдің мәнін танытатын, оған гуманистік
келбет пен шынайы нәр беретін дүниелер – рухани құндылықтар. Осы
құндылықтардың ішіндегі ең негізгі құндылық – әр халықтың ана тілін жан-
жақты меңгерту, яғни ана тілінде өз ойын анық әрі еркін жеткізе білуге
үйрету. Ендеше, бұл құндылықты қалыптастырудың бірден бір жолы - ана
тілінде, бала тіліне, оның дүниетанымына, түсінігіне жеңіл етіп жазылған
шығармалар.
Жастарды ұлттық салт-санаға, тәлім-тәрбие берудегі халықтық
педагогиканың бастамасын, қазақ балалар әдебиетінің белгілі жүйеге
келтірілуі Ыбырай Алтынсарин атымен тығыз байланысты екені ғылымда
белгілі. Қазақ халқының қоғамдық тарихында, мәдениеті мен әдебиетінде бай
78