БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 82

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. ісіне, ой-сезіміне тигізер әсері мен бала дүниетанымын қалыптастыратынын әңгімелейді. Бұл әңгіме-новеллалары төменгі сынып оқушыларын табиғат пен қоршаған дүниеге терең оймен көз жіберуге, табиғаттың әсемдігі мен тылсым құпиясын танып, білуге үйретеді. Мысалы, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде баланы, ұшқан құс, түрлі жәндіктердің тіршілігімен таныстырады, олардың әрекеттерін мысал етіп, баланы еңбекті сүюге тәрбиелейді. Әңгімеде атасы он жасар немересімен далада келе жатып, жерде құмырсқа, ағашта өрмекші, көкте қарлығаш тіршілік үшін еңбек етіп жатқанын көрсетіп, «Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де Құдай тағала еңбек етуге жаратқан», -деп өсиет айтады. Сөйтіп, еңбек – адамның екінші анасы, ол адамды өмір сүруге үйретеді деп ой қорытады. Ағартушы-педагог «Мейірімді бала» әңгімесінде ежелгі Қытай елінде ұрлық жасаған адамның қолын шабатын заңы сөз болады. Осында іспен қылмысты болып ұсталған әкесінің орнына жас қызының өз қолын кесуге келісім бергенін баяндай отырып, баланың әкеге деген мейірімін дәріптей отырып, баланы өмірге әкеп асырап-бағатын қамқоршысы екенін, бала да ата- анасына мәңгі қарыздар екенін, ата-аналардың балаға деген махаббаты қандай күшті болса, баланың да ата-анаға деген сүйіспеншілігі сондай болуы керек деген идеяны құптайды. Қаламгердің «Бұл кім?» өлеңінде де осы идея басшылыққа алынған. Айналасына ас қойып, Изені көлдей шалқытқан. Қолын қатты тигізбей, Кірлі көйлек кигізбей, Исін жұпар аңқытқан [5, 9 б.], - деп, жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа, ата-ананы сыйлауға шақыра отырып, сүйіспеншілік пен мейірімділікті сөз етеді. «Талаптың пайдасы» атты әңгімесінде шіркеуде орыс патшасы Петрдің суретін салуға талпынған баланы патшаның көріп қалып, талабына риза болып, баланы шетелге суретшілер дайындайтын мектепке жіберуі, кейін әлгі баланың атақты суретші болғандығы баяндалады. Ұлы педагог өз әңгімесі арқылы жас ұрпаққа «Талапты ерге нұр жауар» деген халық нақылын дәріптеп, жастарды үнемі білім мен өнерге талпынуға үгіттейді. Жазушының осы әңгімесі арқылы бастауыш сынып оқушыларын жақсылыққа талпыну қажеттілігін ескертеді, өнер үйреніп, білім алуға шақырып, олардың дүниетанымын арттырады. Жазушы «Байұлы» атты әңгімесінде «Батамен ел көгерер», «Баталы ұл арымас» деген халық ұғымының өміршеңдігін, қазақ ұғымында батаның киелілігін аңғартады. Әңгімеде Байұлының әкесі мінгізген тайын кедейдің баласына беруін көріп, оның қайырымдылығы мен жомарттығына сүйсінген қарт кісінің: «Ей, Құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер!» деп бата беруін, сол ақсақалдың батасы қабыл болып, ақырында Байұлының он екі балалы болып, олардың бәрі де асқан бай адам болғанын, олардан елге қадірлі «Он екі ата Байұлы» деген ру тарағанын баяндайды. Жазушы осы әңгімесі арқылы қазақ халқының ұлттық дүниетанымын білдіре отырып, жастарды қайырымдылыққа үндейді. Ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай этнограф - ғалым да болған. Оның "Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамдарды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі", "Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз 81