БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 75
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
әртүрлілікті әкеледі және пәнге деген қызығушылықты дамытуға ықпал
ететін шығармашылық атмосферасын, қуаныш сезімін туғызады.
Сондай міндеттерді алға қойып Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан
аграрлық – техникалық университетінің машина жасау факультетінің «Химия
және химиялық технология» кафедрасының профессор – оқытушылар
құрамы сабақтарын инновациялық технологияны белсенді қолданумен
жүргізеді. Доцент, техника ғылымының кандидаты Губайдуллина Г.М.
«Силикатты материалдардың қалдықсыз технологиясын жасау әдістері» пәні
бойынша «Цемент өндірісіндегі фосфогипс» тақырыбындағы практикалық
сабағын магистранттармен пресс – конференция түрінде өткізді. Сабақ
барысында магистранттар зауыт өкілдері, экономист, эколог, кәсіпкерлер
кейіпінде тақырыпқа байланысты актуалды сұрақтарды талқылады.
Кафедраның аға оқытушысы Ермуханова С.Т. «Көбікті шыны технологиясы»
тақырыбындағы сабағын дәріс конференция түрінде оздырды. Студенттер
Қазақстан, Ресей, Еуропа және АҚШ мемлекеттерінде көбікті шыны
өндірісінің әдістері мен технологиясы туралы сөз қозғады. Аға оқытушы
Джанаисова Г.Ш. «Полимерлердің қасиеттерін модификациялау» тақырыпты
практикалық сабағын диспут түрінде өткізді. Білімалушылар «Жақтаушы»,
«Даттаушы» командаларына бөлініп заманауи полимерлердің қасиеттеріне
байланысты сөз таластырды. Техника ғылымының кандидаты, доцент
Алмагамбетова М.Ж. «Мұнай мен газды өңдеудің жаңа технологиялық
процестерін жобалау принциптері» тақырыпты сабақты магистранттарға
графикалық технологиялық тапсырмаларды орындау әдісімен өткізді.
Аға оқытушы Конырбаева Г.Х. «Қала шаруашылығының қалдықтарынан
жасалатын материалдар» тақырыпты сабағын «Алты қалпақ» әдісін
қолданумен жүргізді. Білімалушылар өздерінің ой – пікірлерін әртүрлі
көзқараста жеткізді. Химия ғылымының кандидаты, аға оқытушы Сатаева
С.С. «Көмірсутек шикізаттарын зерттеудің физика-химиялық әдістері»
тақырыбында практикалық бейнесабағын өткізді.
Аға оқытушы
Абдрахманова А.Г. «Промышленные способы подводы и отводы теплоты в
химической аппаратуре. Теплообменники.» тақырыпты сабағын бейнедәріс
түрінде жүргізді. Кафедраның аға оқытушылары Уразова А.Ф., Азгалиева
Г.С., Уразгалиева Н.Т. практикалық – зертханалық сабақтарын ойын түрінде
оздырды.
Аға оқытушы, магистр Д.Ж.Киишева «Көмірсутекті газдарды өңдеу
технологиясы» пәнінен «Жаңа интербелсенді әдістермен білім алушылардың
кәсіби бағытталған құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында ХТОВ-31,
ХТОВ-33 топтарында педагогикалық эксперимент жүргізді. Эксперимент
барысында оқытудың инновациялық әдістері: интеллект карталар, Венн
диаграммасы, кластер, «соқыр сұлба», «Kahoot» мобильді қосымшасы
қолданылды.
«Студенттерді бағалаудағы инновациялық технологияларды қолдану»
туралы ақпараттарды және осы әдісті «Plickers.com» жаңа мобильдік
қосымшаның көмегімен қолдануды «Химия және химиялық технология»
кафедрасының аға оқытушысы Бегалиева Р.С. көрсетті.
Бұл бағдарламада білім алушылардың сұрақ карталарынан QR-кодтарды
оқу үшін оқытушының планшетін немесе телефоны пайдаланылады. Әрбір
білім алушының өзінің карточкасы болады, ол төрт түрлі жауаптар беретін
айналмалы болады. Қосымшада топтың тізімі жасалады және білім алушыны
74