БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 74
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
-
Оқу сабақтарының дәстүрлі емес формаларын қолдану (бір
тақырыпқа біріктірілген интегрирленген сабақтар, мәселелік сабақ; аралас,
жобалық сабақтар, шығармашылық шеберханалар және т.б.);
-
Ойын нысандарын пайдалану.
-
Диалогтық өзара іс – қимыл (диалог – сабақ);
-
Проблемалық – міндет тәсілі (проблемалық сұрақтар, проблемалық
жағдайлар және басқалар);
-
Оқу жұмыстарының әртүрлі формаларын қолдану (топтық, жұптық,
жеке, жалпы және т.б.);
-
Дидактикалық құралдарды
пайдалану (тест
тапсырмалары,
терминологиялық кроссвордтар және т.б.);
-
Дамытушы дидактикалық тәсілдеріді енгізу («Мен сұрағым келеді…»,
«Мен үшін бүгінгі сабақ …», «Мен келесідей жасар едім …» және тағы да
сол сияқты сөз тіркестерін; символдар, суреттер, сызба-нұсқалардың
көмегімен бейнелеу);
-
Оқытудың интерактивті әдістері (репродуктивті, іздеушілік,
творчестволық және т.б.);
-
Мотивация түрлерін қолдану (эмоциональды, танымдық, социальды
және т.б.).
Білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі түрлері мен әдістерін
қолдана отырып, біз оқыту әдісін таңдауға әсер ететін төрт факторды негізге
аламыз: материалдық – дидактикалық база, оқу материалының мазмұны,
білім алушылардың оқытылу және тәрбиелену деңгейі, оқытушының
әдістемелік дайындық деңгейі.
Оқытушылардың инновациялық қызметі – оқыту және тәрбиелеу
процесінің сапасы мен тиімділігі ісіндегі ең маңызды міндеттердің бірін
орындауға бағытталған әдістемелік жұмыстың бір бөлігі – сабақты өткізу
формаларын, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіру, яғни
педагогикалық технологияларды құру болып табылады [3].
Біздің ойымызша, инновациялық білім беру тек оқытушылар өздері
инновациялық қызметпен айналысатын жоғары оқу орындары ғана бере
алады. В.П. Делийдің пікірінше, инновациялық білім онда педагогикалық
инновациялардың, инновациялық қызметтің болуымен сипатталады [4].
Осмоловская И. М. оқу үрдісінде қолданылатын инновациялық білім беру
технологияларының негізін әлеуметтік тапсырыс, болашақ мамандардың
кәсіби мүдделері, студенттердің жеке, жеке ерекшеліктерін есепке алу
құрауы тиіс деп есептейді [5]. Черкасов, М.И. оқытушылардың оқыту
үдерісінде инновациялық әдістерді қолдануы әр түрлі пәндерді оқытуда
стереотиптерді жеңуге, кәсіби жағдайларға жаңа көзқарасты қалыптастыруға,
студенттердің шығармашылық, креативті қабілеттерін дамытуға ықпал
ететінін көрсетеді [6].
Жоғары оқу орындарының қазіргі оқытушысы студенттердің жаңа
материалды меңгеру ерекшеліктерін, жастардың қазіргі қоғамдағы шаршауға
бейімділігін ескере отырып, инновациялық технологиялардың кең
ауқымынан таңдап алуы тиіс. Оқыту сапасы оқу процесінің тиімділігіне,
оқыту әдістемесіне, оқытушының студенттерді өз пәнімен қызықтыру
қабілетіне байланысты. Тиімді оқу процесі үшін біздің университеттің
көптеген оқытушылары өз сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін
енгізеді, олар күнделікті оқу іс-әрекетіне, ойын-сауық элементтеріне
73